«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шардараның көксеркесі Норвегияның ақсеркесімен бәсекеге түспек

2016 жылғы 02 Маусым
- Шымкент қаласы
14783 просмотров

Шетелдік тұтынушылар шардаралық көксеркенің жон етіне ықылас танытуда

Шардара қаласында балықты қайта өңдейтін тағы бір кәсіпорын іске қосылды. Оны өзінің жеке қаражатына жергілікті кәсіпкер Талғат Жалғасбаев ашты. Ол өзі мамандығы бойынша заңгер, ұзақ уақыт бойы мақта өсірген, бірақ бірнеше жыл бұрын балықты қайта өңдеумен айналыспақ болып шешіпті. Талғат өз ісінің табысты боларына сенімді, өйткені ол туған қаласының өңірдің климаттық ерекшеліктеріне және судың жетіспеушілігіне қарамастан қырық жылдай уақыт бойы балық кәсібімен өмір сүретінін біледі.  Жергілікті балық өсірушілер еңбекқорлығының және жаңа технологияларды қолданудың арқасында «мұнда балық өспейді» деген таптаурын пікірді баяғыда-ақ жоққа шығарды.

Оңтүстік Қазақстан Кәсіпкерлер палатасының басшылығы жаңа зауытқа барып, оның жұмысымен танысты. Өндіріс балықты жууға, қабылдауға арналған орын, сақтауға және мұздатуға арналған тоңазытқыштар, балықты мүшелеуге және тілуге арналған цехтар, дайын өнімді қаптайтын бөлімнен тұратын балық өңдеуші кешенді қамтиды.

Өндіріс технологы Жұпар Шериева қонақтарға өндірістік цехтарды аралатып, балықты қабылдау, оны боршалау және тазалау, жон етті мұздату, дайын өнімді қораптарға салу процестері қалай жүргізілетінін көрсетті. «Аулап алынған балықты цехтарға жеткізеді. Мұнда біз оны қайта өңдейміз және шетелге жіберуге дайындаймыз, негізінен бұған көксеркенің жон еті алынады», – деді ол.

Бір ауысымда мұнда бір жарым тоннадай балық қайта өңделеді. Ал, өндірістің қуаттылығы 4-5 тонна қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Өндіріс қалдықсыз жүреді: тіпті балықтың сүйектерінің өзі сүйек ұнына айналады.

Жаңа зауыт Шардара су қоймасына тікелей жақын жерде салынған. Кәсіпорынның қуаттылығы – жылына 600 тонна өнім. Өнімнің басым бөлігі мұздатылған түрде өткізіледі. Бұл үшін балықты қарқынды мұздатуға арналған технологиялық желі мен жон ет цехы іске қосылған. Кәсіпорын шикізат ретінде Арал және Шардара су қоймасының балығын алады. Кәсіпкер, сондай-ақ, балықты балқаштық және атыраулық балықшылардан сатып алады.

Зауыттың жұмыс істегеніне 10 күн болса да, Талғат қазірдің өзінде дайын өнімді Еуропаға – Германия мен Балтық елдеріне, сонымен бірге Ресейге жіберіп үлгерген. Балық Еуропаға шығуға құқығы бар алматылық дистрибьюторлық фирма арқылы өткізіледі. Талғат, таяу уақытта, өз өнімдерін еуропалық нарыққа дербес шығаратын болады: еуронөмір алуға арналған құжаттарды өткізіп қойды. Бүгінде Талғаттың жоспарлары биікті көздейді – Қазақстаннан тыс жерлердегі нарықты нық жаулап алатындай өнім шығаруды жолға қою. Балықты қайта өңдеумен айналысатын шардаралық екі кәсіпорынның қолынан келген іс қой бұл.

Танымал балық өсірушілер қазірдің өзінде Еуропада шардаралық балықтың дәмін жақсы білетіндерін және оны тіпті норвегиялық балықтан артық көретінін айтады. Сазан, торта балық, қылыш балық, табан балық пен көксерке  – енді бұл елімізден тыс жерлерде Оңтүстік Қазақстанды танытатын бренд болып табылады. Талғат Жалғасбаев өз өніміне сұраныстың өсетініне сенімді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер