Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының басшылығы
Адамбекова Сабира Құршидқызы
Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры
Адамбекова Сабира Құршидқызы 1978 жылы дүниеге келген.
"Мирас" университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – құқықтанушы.
2000 жылдан 2002 жылға дейін жекеше нотариустың көмекшісі болып жұмыс істеді.
2002-2014 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы;
2014-11. 2015 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлімінің 1 санатты сарапшысы;
2015-2016 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің 1 санатты сарапшысы;
2016-10. 2018 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы.;
2018-2021 жылдары - Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы;
2021 жылдың наурызынан - Шымкент қаласы Кәсіпкерлер Палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары.
Бердалиев Бауржан Берікұлы
Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының экономикалық сұрақтар бойынша директордың орынбасары
Бердалиев Бауржан Берікұлы 1988 жылы дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген, Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетін экономика магистірі.
2013-2014 жылдары – Шымкент қ. «Индустриалды зона "Оңтүстік" ЖШС-ның эксперті;
2014-2017 жылдары – Шымкент қ. «Ontustik» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС-ның менеджері;
2017-2020 жылдары – Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы;
2020-2023 жылдары – Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының сүйемелдеу бөлімінің бөлімінің басшысы;
2023 жылдың маусым айынан бастап - Шымкент қаласы Кәсіпкерлер Палатасы директорының экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары.
Өткелбаев Мақсат Дуйсенбекұлы
Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік сұрақтар бойынша директордың орынбасары
Өткелбаев Мақсат Дуйсенбекұлы 1989 жылы дүниеге келген.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және есеп» мамандығы бойынша бітірген, экономика және бизнес бакалавры.
2011-12 жылдары – «Ақ Ордасы» корпорациясы» ЖШС бухгалтері;
2012-2014 жылдары – Шымкент қ. «Еуразиялық банк» АҚ Кредиттік менеджері;
2014-2016 жылдары – Шымкент қ. БАНК ВТБ (Қазақстан) АҚ, Кредиттік менеджері;
2016-2017 жылдары – Шымкент қ. БАНК ВТБ (Қазақстан) АҚ бөлімшесінің басшысы;
2017-2018 жылдары – Шымкент қ. БАНК ВТБ АҚ жеке тұлғаларға қызмет көрсету жөніндегі аға менеджер;
2018-2019 жылдары – Шымкент қ. БАНК ВТБ АҚ бөлімшесінің басшысы;
2019-2020 жылдары – Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының «Атамекен қолдау орталығы» жобасының бас үйлестірушісі;
2020-2022 жылдары – Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы;
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап - Шымкент қаласы Кәсіпкерлер Палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.