«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлерге көпфункционалды қызмет көрсету орталығы

Кәсіпкерлерге көпфункционалды қызмет көрсету орталығы «Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істеп, кәсіпкерлерге қажет қызметтерді бір орында алуға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлікті қолдау аясында бұл орталық мынадай қызмет түрлерін ұсынады:

Бухгалтердік және салық есебін жүргізуге, статистикалық есепті құруға қатысты қызметтер;

Бастапқы құжаттарды өңдеуге, салық және бюджетке басқа да төлемдерді есептеуге қатысты кеңес беру;

Салық заңнамасына және кәсіпорынның бухгалтерлік жұмысын реттейтін заңнамалар бойынша кеңес беру;

Бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша кеңестер;

Салық және статистика есептерін әзірлеу мен тапсыру бойынша кеңес беру;

Бизнес-жоспарды әзірлеу қызметтері;

Банктерден несие алу немесе мемлекеттік қолдау шараларын алу бойынша бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша кеңес беру;

Заңды тұлғаларға арналған Халыққа қызмет көрсету (ХҚО) орталығының 800-ден астам қызметі.

Кәсіпкерлерге көпфункционалды қызмет көрсету орталығы 2023 жылдың 16 маусымы күні ашылды. 2024 жылы Шымкент қаласында 13 500-ден астам қызмет көрсетіліп, 40-тан астам жобаға 1 млрд теңгеден астам қаржы қаралды, нәтижесінде 91 жұмыс орны құрылды.

Айта кетейік, орталықта барлық қызмет тегін көрсетіледі.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер