Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен»
Надежный партнер бизнеса

Рус

БАБӨ жобасы: идеядан нақты бизнеске дейін

08 Октября 2025
- г. Алматы
80 просмотров

Бүгін Алматыдағы көпшілікке танымал Көк базарда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының «Nomad Bazaar» тұрақты сауда нүктесінің ресми ашылуы өтті. Аталмыш оқиға «Атамекен» ҰКП және Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) қолдауымен жүзеге асырылып жатқан БАБӨ жобасы үшін маңызды белес болды. «Бір ауыл – бір өнім» бастамасы жергілікті қауымдастықтарды дамытудың жапондық тәжірибесіне негізделген әрі бірнеше жылдан бері Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде жүзеге асырылып келеді. Жобаның мақсаты – ауыл кәсіпкерлері мен қолөнершілерді жергілікті ресурстар негізінде бәсекеге қабілетті өнімдер өндіруге тарта отырып, өңірлердің экономикалық тұрақтылығын арттыру. JICA-мен серіктестік құру нәтижесінде қазақстандық өндірушілер халықаралық көрмелерде, соның ішінде FOODEX Japan шарасында өз өнімдерін таныстыруда, онда қазақстандық «Жантақ» балы әлемдегі үздік үш өнімнің қатарына енді. Енді жоба жаңа деңгейге шықты – Nomad Bazaar сауда орнында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және аймақтағы басқа елдердің өнімдері мен бұйымдары осы жерде жинақталды. Nomad Bazaar ашылу рәсімін «Атамекен» ҰКП-ның Жұмыспен қамту мен шағын және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту департаментінің басқарушы директоры Гүлия Батырханқызы бастады. Өз сөзінде ол бұл қадамның өңірлік кәсіпкерлік пен халықаралық ынтымақтастық үшін маңыздылығын атап өтті. «Біз бүгін осы алаңда тек қазақстандық емес, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және Орталық Азияның басқа елдерінен шыққан өндірушілердің тауарлары ұсынылғанына өте қуаныштымыз. Бұл – біздің өңірдің дарындарға, дәстүрге және әлемдік деңгейге сай өнімдерге бай екендігінің айқын дәлелі. Көк базар – Алматыдағы сатып алушылардың ең көп келетін орындардың бірі, мұнда шетелдік қонақтар да көп болады. Бұл – біздің өндірушілерімізді ішкі нарықта дамытуға ғана емес, сонымен қатар олардың өнімдерін шетелдік серіктестерге таныстыруға тамаша мүмкіндік. Алдағы уақытта біз жапондық JICA компаниясымен бірге осындай сауда нүктелерін көбейтуді жоспарлап отырмыз, осы арқылы отандық кәсіпкерлерге серіктестер табуға және өсуге жаңа мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті ол. JICA OVOP (БАБӨ) халықаралық жобасының серіктесі Кендзи Накамура мырза да жобаның табыстылығын атап өтті. «БАБӨ жобасы Орталық Азияның бірнеше елінде табысты жүзеге асырылып келеді, енді Қазақстанда да жергілікті өндірушілердің тауарлары ұсынылған алғашқы тұрақты сауда алаңының ашылғанына біз өте қуаныштымыз. Біз үшін осы бастаманың бір бөлігі болу – үлкен мәртебе, себебі ол жергілікті қауымдастықтарды дамытуға, жұмыс орындарын құруға және өңірдің ерекше өнімдерін насихаттауға көмектеседі. Алдағы уақытта Қазақстандағы жаңа БАБӨ нүктелерін қолдаумен қатар, қазақстандық тауарларды Жапонияға экспорттауға ықпал етуді жоспарлап отырмыз. Қазақстандық шеберлердің бұйымдары біздің елімізде де сатып алушыларын табуын қалаймыз», – деді Кендзи Накамура. Nomad Bazaar – шығармашылық және қолөнер брендтері үшін жаңа сауда алаңы. Дүкен Көк базардың орталық павильонында орналасқан, «нео-номад» стилінде безендіріліп, Орталық Азия қолөнер дәстүрлерінің эстетикасы мен рухын көрсетеді. Сауда залында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген кеңесшілер жұмыс істейді әрі онда дәм тату аймағы да орналасқан және онлайн сатуды бастау жоспарлануда. «Атамекен» палатасының қолдауымен жобаның қатысушылары Орталық Азияның бірыңғай БАБӨ брендінің аясында өнімдерін сатуға, сапасын жақсартуға және жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік алады. Nomad Bazaar тұрақты негізде – күн сайын 9:00-ден 18:00-ге дейін (дүйсенбіден басқа күндері) Көк базардың орталық павильонында жұмыс істейді.



Проект ОСОП: от идеи к реальному бизнесу. Сегодня в Алматы состоялось официальное открытие постоянной торговой точки ОСОП «Nomad Bazaar» на знаменитом Зелёном базаре г. Алматы. Это событие стало важной вехой для проекта «Одно село – один продукт» (ОСОП), реализуемого при поддержке НПП «Атамекен» и Японского агентства международного сотрудничества (JICA). Инициатива «Одно село – один продукт», вдохновлённая японским опытом развития местных сообществ, уже несколько лет реализуется в Казахстане и странах Центральной Азии. Цель проекта — повысить экономическую устойчивость регионов, вовлекая сельских предпринимателей и ремесленников в производство конкурентоспособных товаров на основе местных ресурсов. Благодаря партнёрству с JICA, казахстанские производители уже успешно представляли свою продукцию на международных выставках, в том числе FOODEX Japan, где казахстанский мёд «Жанта́к» вошёл в тройку лучших сортов мёда в мире. Теперь проект выходит на новый уровень — с открытием Nomad Bazaar, где собраны продукты и изделия из Казахстана, Кыргызстана, Узбекистана, Таджикистана и других стран региона. Церемонию открытия Nomad Bazaar начала Гулия Батырханқызы, Управляющий директор Департамента по вопросам занятости, развития малого и женского предпринимательства НПП «Атамекен». В своей речи она отметила важность этого шага для развития регионального предпринимательства и международного сотрудничества: «Мы очень рады, что сегодня на этой площадке представлены товары не только казахстанских, но и производителей Кыргызстана, Узбекистана и других стран Центральной Азии. Это яркое подтверждение того, что наш регион богат талантами, традициями и продукцией, достойной мирового уровня. Зелёный базар — одно из самых посещаемых мест Алматы, где бывает много иностранных гостей. Это отличная площадка, чтобы не только развивать наших производителей на внутреннем рынке, но и презентовать их продукцию зарубежным партнёрам. В дальнейшем мы вместе с японской компанией JICA планируем открывать больше подобных точек, создавая новые возможности для сотрудничества и роста наших предпринимателей», — подчеркнула она. Mr. Kenji Nakamura партнёр международного проекта JICA OVOP (ОСОП) отметил: «Проект ОСОП уже успешно реализуется в нескольких странах Центральной Азии, и мы очень рады, что теперь и в Казахстане открылась первая постоянная торговая площадка, где представлены товары местных производителей. Для нас большая честь быть частью этой инициативы, которая помогает развивать местные сообщества, создавать рабочие места и продвигать уникальную продукцию региона. В дальнейшем мы планируем не только поддерживать развитие новых точек ОСОП в Казахстане, но и содействовать экспорту казахстанских товаров в Японию. Мы хотим, чтобы изделия казахстанских мастеров нашли своего покупателя и в нашей стране». Nomad Bazaar — новая торговая площадка для креативных и ремесленных брендов. Магазин расположен в центральном павильоне Зелёного базара, оформлен в стиле «нео-номад», отражающем эстетику и дух ремесленных традиций Центральной Азии. В торговом зале работают консультанты, владеющие казахским, русским и английским языками, а также действует зона дегустации и планируется запуск онлайн-продаж. При поддержке Палаты Атамекен участники проекта смогут продавать продукцию под единым брендом ОСОП Центральной Азии, улучшать качество и выходить на новые рынки. Nomad Bazaar работает на постоянной основе — ежедневно, кроме понедельника, с 9:00 до 18:00, в центральном павильоне Зелёного базара г. Алматы.


Подписывайтесь на наш Telegram канал и оставайтесь в курсе последних новостей.

Дочерние организации

Партнеры

405174