Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі XIII Съезге делегаттар сайлады
2025 жылғы 1 желтоқсанда Түркістанда Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиын онлайн форматта ұйымдастырылды.
Отырысты Өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Әбішов жүргізіп, хатшылықты Палата директоры Асылан Ибадуллаев атқарды.
Жиында бір ғана мәселе қаралды – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2026 жылғы 23 қаңтарда өтетін XIII Съезіне делегаттарды сайлау және облыс атынан көтерілетін өңірлік проблемалық сұрақтарды айқындау.
Өз сөзінде Өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Әбішов Съезд форматы мен делегаттарды анықтау тәртібіне тоқталды.
«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңның 19-бабына сәйкес, Съезд құрамы өңірлік кеңестер мен салалық қауымдастықтар өкілдерінен тең пропорцияда қалыптасатынын атап өтті.
Сонымен қатар, делегаттарды сайлау тек өңірлік кеңестің бетпе-бет отырысында жүзеге асырылуы тиіс екені айтылды. Осыған байланысты өңірлік кеңес мүшелері онлайн режимде өз дауысын берді.
Күн тәртібі бірауыздан бекітілген соң, іріктеу Ережесіне сәйкес ұсынылған кандидаттар жеке-жеке таныстырылды. Кеңес мүшелері делегаттар құрамын дауыс беру арқылы мақұлдады.
Дауыс санау нәтижелері бойынша Өңірлік кеңестің 10 мүшесі Түркістан облысының атынан XIII Съезге делегат болып сайланды. Тізім «Атамекен» ҚР ҰКП-на жолданатын болды.
Өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Әбішов барлық қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіріп, отырысты жабық деп жариялады.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алдағы Съезде өңірдің өзекті мәселелерін көтеріп, кәсіпкерлер мүддесін қорғау бағытындағы жұмысты жалғастырады.
.jpeg)
.jpeg)



Пікір қалдыру:
Пікірлер: