«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында Қытайлық инвесторлармен B2B-кездесу өтті

2025 жылғы 01 Желтоқсан
- Түркістан облысы
97 просмотров

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Қытайдан келген ірі өнеркәсіптік компаниялардың делегациясымен өңір кәсіпкерлерінің B2B форматтағы кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты – өңірге жаңа инвестициялар тарту, өндіріс саласындағы озық технологиялармен танысу және өзара серіктестік мүмкіндіктерін талқылау.

Кездесуге Қытайдың түрлі салаларын қамтитын 9 компанияның бас директорлары мен өкілдері қатысты. Делегаттар тамақ өнеркәсібі, орау және құю жабдықтары, ет, сүт, макарон өнімдерін өндіру технологиялары, сондай-ақ дайын тағамдар өндірісі бойынша өз мүмкіндіктерін таныстырды.

Қатысқан компаниялар тізімі:
    1.    Qingzhou Tongda Machinery Co., Ltd.
Фа Кэ, Фа Цюянь – бас директор
Негізгі өнімдері: құю желілеріне арналған жабдықтар.
    2.    Henan Yuechuang Automation Equipment Co., Ltd.
Дун Хунвэй – бас директор
Өнімі: бөтелке үрлейтін автоматты машиналар.
    3.    Zhucheng Xinxudong Machinery Co., Ltd.
Цичек Хасан – сыртқы сауда менеджері
Өнімі: фритюрде қуыру желісі.
(Негізгі топтан бөлек келген)
    4.    Qingdao Haikejia Food Intelligent Equipment Co., Ltd.
Лу Мэй – бас директор
Ұсынатын жабдықтар: макарон және ұн өнімдерін өндіру желілері, орау қондырғылары.
    5.    Zhucheng Chunhua Machinery Co., Ltd.
Хань Гуанлян – бас директор
Өнімі: ет өңдеу жабдықтары.
    6.    Shandong Meichuan Machinery Co., Ltd.
Юй Цзяньчунь – бас директор
Бағыты: сүт өнімдерін өңдеу жабдықтары.
    7.    Henan Songchuan Machinery Co., Ltd.
Го Ляньцян – бас директор
Өнімі: орау машиналары.
    8.    Shandong Huifa Food Co., Ltd.
Гао Хун – бас директор
Негізгі өнімдері: мұздатылған ет жартылай фабрикаттары және дайын тағамдар.
    9.    Zhongzhi Mason Technology Co., Ltd.
Чжао Фэй – бас директор
Жабдық түрлері кейін ұсынылады.

Инвесторлар мен кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастық

Кездесу барысында қытайлық компаниялар Түркістан облысындағы өндіріс орындарын дамытуға, жаңа желілер іске қосуға және бірқатар жобаларға инвестиция салуға қызығушылық білдірді. Өз кезегінде жергілікті кәсіпкерлер дайын өнім өндіру, импорт алмастыру және экспорттық әлеуетті арттыру бағыттарында ықпалдастыққа мүдделі екенін жеткізді.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мұндай кездесулер өңір экономикасына жаңа технологиялар мен капитал тартуға, сонымен бірге бизнес арасындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174