Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы кәсіпкерлерді жеке қабылдауды өткізді
Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің төрағасы Ерболат Бөрібаевтың ұйымдастыруымен азаматтарды жеке қабылдау өтті.
Іс-шараға өзекті мәселелері мен шешуді қажет ететін сұрақтары бар жергілікті бизнес өкілдері қатысты. Қабылдау барысында Ерболат Бөрібаев кәсіпкерлерге олардың құқықтары туралы кеңінен түсіндіріп, бизнесті табысты жүргізу үшін құқықтық сауаттылықтың маңыздылығына тоқталды. Ол кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Кеңестің басым міндеттерінің бірі екенін атап өтіп, Палата бұл бағытта жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
-Біз сіздер үшін осы жерде жиналып отырмыз – ашық түрде мәселелеріңізді айтып, кеңес алып, ұсыныстар алуыңызға болады. Басты мақсатымыз – бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау және сіздердің мүдделеріңізді қорғау», – деді Ерболат Бөрібаев.
Кездесу барысында кәсіпкерлер салық салу, лицензиялау, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға қатысты бірқатар құқықтық мәселелерді көтерді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: