«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы AIF 2025 халықаралық форумына қатысты

2025 жылғы 29 Мамыр
1716 просмотров

2025 жылғы 29 мамырда Астанада «Astana International Forum» (AIF 2025) атты екі күндік халықаралық форум басталды.

Форумға 70 елден 7 000-нан астам қатысушы жиналды, олардың қатарында мемлекет басшылары, халықаралық ұйымдар мен корпорациялардың өкілдері, инвесторлар және ғылым саласының мамандары бар 600-ге жуық шетелдік қонақ болды.

Форумның ресми ашылу рәсімін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткізіп, халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті: «Астана халықаралық форумы осы ынтымақтастықты қолдау мақсатында, өзара құрмет пен ашық пікір алмасуға негізделген алаң ретінде құрылды. Биылғы жылғы тақырып – «Ойларды біріктіре отырып, болашақты қалыптастыру» – бұл үндеу ғана емес, сонымен қатар сенім. Бұл тақырып жаһандық сын-қатерлерді оқшаулануда еңсеру мүмкін еместігіне деген сенімімізді көрсетеді».

Іс-шараға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралға Төрағасы  Райымбек Баталов пен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы Мұрат Қарымсақов қатысты. Олар халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізді.

Сондай-ақ, форум аясында «Атамекен» ҰКП мен Сыртқы сауда палатасы Моңғолия, Жапония, Руанда, Солтүстік Македония және басқа да елдерден келген шетелдік делегацияларды сүйемелдеуді жүзеге асыруда. Әсіресе, моңғолиялық «Mongolian private investment company Steppe Copper LLC» компаниясының өкілдерімен жүргізілген келіссөздерге баса назар аударылып, сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Бұдан бөлек, Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Хуррам Тешабаевпен және Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен жеке кездесу өткізілді.

Келіссөздер барысында тараптар өзара іс-қимылды кеңейту және ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

AIF 2025 форумы үш негізгі тақырыпты қамтиды: сыртқы саясат пен халықаралық қауіпсіздік, энергетика және климаттың өзгеруі, экономика және қаржы. Форум аясында тұрақты даму, энергетикалық қауіпсіздік және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған 50-ден астам панельдік сессиялар мен іс-шаралар өткізу жоспарланған.

«Атамекен» ҰКП мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының AIF 2025 форумына қатысуы Қазақстанның халықаралық диалогты нығайтуға және серіктестік байланыстарды кеңейтуге ұмтылысын көрсетеді. Бұл форум түрлі экономикалық секторларда іскерлік байланыстар орнату мен бірлескен бастамаларды ілгерілетуге арналған маңызды алаң болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер