«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде «Атамекен» және «Қазпошта» кәсіпкерлер өнімдерін онлайн ілгерілетуде күш біріктіреді

2024 жылғы 03 Маусым
- Ақтөбе облысы
5347 просмотров

Бүгін Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында екі ұйымның басшылары — Дидар Боранқұлов пен Шынар Нұрмұханбетова ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қойды.

«Ауыл аманаты» жобасына қатысушылардың өнімдерін электрон форматта сатуына АҚ жәрдемдесуге ниетті.  «Қазпошта» алыс ауылдық жерлердің тұрғындары үшін маркетплейс енгізіп жатыр.

«Негізгі мақсат –  тұтынушыны облысымыздың ауылдары және бірінші кезекте «Ауыл аманаты» жобасына қатысушыларды өндірушімен, кәсіпкермен байланыстыру. Бұл дегеніміз ауыл кәсіпкерлерінің өнімдерін қалаға ауылдан, қаладан ауылға жеткізу. Әсіресе шалғайдағы ауылдар тұратындар үшін. Қазіргі уақытта Қазпошта бағыттары өңірдің 65 ауылына барады. Бұл логистикада ауыл кәсіпкерлеріне көмектесуге үлкен мүмкіндік бар. Маркетплейс қазірдің өзінде еліміздің бірнеше өңірінде - Түркістан, Алматы, Астана, Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеп тұр», — деп атап өтті «Қазпошта» АҚ филиалының директоры Шынар Нұрмұханбетова.

Қазіргі міндет – ауыл кәсіпкерлеріне: тауарды тіркеу, орналастыру процесі, логистиканы құру туралы ақпаратты жеткізу.

«Кәсіпкерлер палатасы осы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Сонымен қатар, біз облыс аудандарынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдеріне баса назар аударамыз. «Ауыл аманаты» қатысушыларына бұл алаң логистика, сауда орындарын сақтау, жалға алуға үнемдей отырып, шағын шығындармен облыста ғана емес, сонымен қатар өңірден тыс жерлерде клиенттік базаны кеңейтуге мүмкіндік береді. Біздің ынтымақтастығымыздың келесі қадамы аудандарға, оның ішінде маркетплейстің таныстыруға бірге бару болады», - деді Өңірлік палата директоры Дидар Боранқұлов.

Меморандумға қол қойылғаннан кейін «Атамекен» қызметкерлері маркетплейстің тұсаукесерін тыңдады. «Ауыл аманаты» қатысушыларына ыңғайлылық пен оңтайлылық мақсатында сервисті өзгерту бойынша ұсыныстар да болды.

 

 

 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер