«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Халықаралық «Жібек жолы» автожарысы басталды

2024 жылғы 13 Мамыр
1303 просмотров

10 мамыр күні «Жібек жолы» туристік таныстыру автожарысы басталды. Жарысты «Туран Казахстан Тревел» туроператорлық компаниясы «Атамекен» ҰКП-мен, «Азимут Тревел» және «Grand Soluxe Travel Company» серіктестіктерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Бір аптаға созылатын сайыс Қытай Халық Республикасыдағы Шыңжаңның «Хуанта» автомобиль және мотор спорт клубының қатысуымен өткізілуде. Қытай тарапынан әр көлікте 2 адамнан тұратын түрлі санаттағы 65 автокөлік қатысуда.

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы елдері жолдарының бойындағы халықаралық автожарыс «TAKLIMAKAN RALLY» халықаралық раллиінің 20 жылдығына және Қытайдағы Қазақстан туризмі жылына арналған.

Халықаралық автожарыс 10 мамыр күні Жетісу облысының Жаркент қаласынан басталып, Алматы облысынан өтеді. Ал, 14 мамырда Алматы-Бішкек маршруты бойынша жалғасады. Қатысушылар мәреге 18 мамыр күні ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Қашғар аймағына келулері тиіс.

Айта кетейік, аталмыш жарыс бойынша Қазақстан территориясындағы ақпараттық-ұйымдастырушылық көмекті «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталары белсенді көрсетуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер