«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Металл, ойын индустриясы және ғарыш: Артём Слесаренко Қазақстан өнеркәсібінің болашағы туралы

2025 жылғы 18 Желтоқсан
312 просмотров

«Business Bailam» – Қазақстанның жаңа экономикасын құратын адамдар туралы подкаст. Бүгінгі қонағымыз – Артём Слесаренко – өнеркәсіп маманы, RhinoTales ойын студиясының негізін қалаушы, spacetech саласының инвесторы және өнеркәсіп саясатының болашағы туралы аналитикалық жазбаның авторы.

Сұхбатта зауыт, ойын және ғарыш саласын қалай үйлестіруге болатынын талқылаймыз. Қазақстан неліктен әлі де импортқа тәуелді? Инвестициялар қайда кетіп жатыр және жүйені қалай өзгертуге болады? Елге жеке технологиялар, жерсеріктер және мықты инженерия не үшін қажет? Сондай-ақ, жақын арада сала трансформациясына ықпал ете алатын шешімдер жайында сөз қозғаймыз.

Кірпіші бүгін қаланып жатқан болашақ жайында ашық әрі бүкпесіз әңгіменің толық нұсқасын "Атамекен" ҰКП Youtube арнасынан көріңіздер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174