«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкент қаласының әуежайы Ashyq жобасына қосылды

2021 жылғы 01 Маусым
- Шымкент қаласы
12332 просмотров

2021 жылдың 31 мамырынан бастап Шымкент қаласының әуежайы келушілерді Ashyq қосымшасымен кіргізе бастады. Сары және қызыл статусы бар жолаушылар әуежайға кіре алмайды. Ashyq жобасын қолдану – жолаушылар мен персоналға жасалған қауіпсіздіктің қосымша шарасы.

 «Жобаға қосылуға дайындық алдында әуежайға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің көлігінде бас санитар дәрігері Жанар Оразалина бастаған жұмыс комиссиясы келді. Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы әуежайға QR-кодын алуда көмек көрсетіп, Ashyq қосымшасын қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, қосымша мен QR-кодының сынақ режимін өткізді. Комиссия қорытындысы бойынша Жанар Оразалина ризашылығын білдіріп, әуежайдың Ashyq жобасына қатысуға жақсы қамданғанын атап өтті, –  дейді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Мая Исаева.

 Осы аралықта Палатаға қосымшамен жұмыс істеуге 1000-нан астам өтінім келіп түсті, қазіргі кезде 573 QR-код берілген. Әр нысан 7 күндік сынақ кезеңнен өткен соң ресми сайтқа жариялау үшін әкімдікке барады. Сайтта 454 жоба қатысушы тіркелген, соның ішінде 20 нысан жобаға ерікті қатысушы ретінде қосылды. Олардың қатарында жоғары оқу орындары, қонақ үйлер, әскери бөлімшелер, мемлекеттік органдар және өнеркәсіп кәсіпорындары бар, тіпті Кәсіпкерлер палатасы да Ashyq жобасына қосылды. Жобаның негізгі мақсаты ең алдымен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және COVID-19 таралуын азайту.

 Кодтардың басым бөлігі қоғамық тамақтану нысандарына (465 нысан) берілген, ары қарай компьютер клубтары – 25, фитнес клубтары – 16, бильярд – 13, спорт кешендері – 12, лото клубтар – 12, театр, филармониялар – 10, кинотеатрлар және кинорумдар – 9, бессейндер – 4, моншалар – 4, СПА-орталықтарына (3) берілген.

 Жобаға қатысам деушілер саны артып келеді. Мысалға Көрме орталығы жобаға қатысуға ниет білдіріп, өзінің QR-кодын алды.

 Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 26 ​​сәуірінен бастап Шымкенттегі кейбір нысандар мен мекемелерге кіру Ashyq мобильді қосымшасының көмегімен мүмкін болды.  Жоба Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырыс беруімен әзірленді.

 Қосымша азаматтарды 4 статусқа бөледі:

  «Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.

 «Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.

 «Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі.  Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.

 «Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек. Осы статустағы адам тәртіпке бағынбаса, карантин шараларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер