«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда отандық тауар өндірушілер болған жағдайда да мердігерлер импорттық тауарларды пайдалануда

2021 жылғы 17 Сәуір
- Алматы қаласы
14745 просмотров

Бұл мәселе Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің басшысы Максим Барышевтің төрағалығымен және қала әкімінің орынбасары Мақсат Кикимовтың қатысуымен өткен Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында көтерілді.

Іс-шараға Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов, жергілікті атқарушы органдар мен бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысты.

«Бүгінгі кездесуіміздің негізгі тақырыбы қазақстандық, оның ішінде жергілікті тауар өндірушілерді қолдау болып табылады. Қазақстандық тауар өндірушілер бюджетке салық түсімін ғана емес, халықты жұмыспен қамтамасыз етеді, бұл біздің бизнесіміздің негізі. Кез-келген елдегі бизнес отандық кәсіпорындарды қолдаудан басталады», - деп өз сөзінде Максим Барышев атап өтті.

Өңірлік кеңес төрағасы бастаған Алматы қаласының бизнес-қоғамдастығы қазақстандық тауар айналымына әсер ететін бірқатар мәселелерді көтеріп, жергілікті кәсіпорындарды қолдау шараларын талқылады. Өз кезегінде, Өңірлік кеңес мүшесі Кирилл Польский жергілікті тауар өндірушілер өндіретін өнімнің сапасын қадағалаудың маңыздылығы туралы айтты.

Отырыс барысында әкім орынбасары Мақсат Кикимов қазіргі мәселелерге кешенді түрде қарауды және Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі мүшелерінен жұмыс тобын құруды ұсынды. Жұмыс тобы апта сайын бас мердігерлердің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілерімен кездесіп, әрбір жағдайды жеке қарастыратын болады. Мұндай пікірталас олардың арасындағы туындаған мәселелерді шешуге ықпал етеді. Жұмыс тобын құрудың басты мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау.

Өңірлік кеңес басшысы Максим Барышев бұл бастаманы қолдап, мемлекеттік сатып алудағы импортты бақылау мақсатында кәсіпорындарға көшпелі мониторингтік топтар құруды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер