«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ет өңдеу саласы Ауыл шаруашылығы және Индустрия министрліктері арасында қалып қойған

2020 жылғы 29 Қаңтар
12870 просмотров

 Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының  бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев Тамақ өнеркәсібі комитетінің импортты алмастыру мақсатында ет өңдеу саласын дамыту мәселелерін талқылау бойынша отырысы барысында айтты

 Спикердің айтуынша,  ірі қара малды экспорттауға тыйым салу ауыл шаруашылығы саласында бірқатар мәселелерді анықтады. «Атамекен» салалық қауымдастықтармен бірге Ауыл шаруашылығы минитсрлігіне қолдау көрсетіп, осы олқылықтарды алып тастау жұмысына белсенді қатысуға дайын. Бұл жұмыс Үкіметтің жақындағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының АӨК саласына жасаған сынынан кейін де өзекті болып отыр.

  «Ауыл шаруашылығы шикізатты – ет, тірі мал, дәнді дақылдар түрінде шығаруға жауап беретін мемлекет органы ретінде позициялайды. Ал қайта өңдеу жүйесі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ме, әлде Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырында ма, білмейміз. Сондықтан осы тақырып үнемі қалып қояды. Бұл жайт ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде отандық тауар өндірушіні ілгерілету саясатының нақты бағдары жоқ екенін білдіреді. Бұдан бөлек Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымында ауыл шаурашылығы өнімін өңдеуді дамыту саясатына жауапты департаменттің болмауы түсініксіз. Өңдеушілерге «жаны ашитын» ешкім жоқ. Бірінші кезекте фермерлерде – малды бордақылау алаңына өткізу немесе өңдеуге өткізу бойынша таңдау болып, тепе-теңді жағдай құру керек. Менің ойымша, өңдеушілерге арнап белгілі бір жеңілдіктер жасалуы қажет», – деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары ет өңдеу саласын импортты алмастыру мақсатында дамыту және кәсіпорындардың қуаттылығын жүктеу үшін бірінші кезекте фермерлерге шикізатты өңдеуге өткізуде субсидиялауды енгізу арқылы шикізаттық базаны өсіру керек деп санайды.

Сапалы өңдеуді дамыту мақсатында ет өңдеушілерге етті терең өңдеуге қатысты белгілі бір критерийлерді белгілеу қажет, атап айтқанда: мал сою кезінде қанды, субөнімдерді, сүйектер және басқа да қалдықтарды бір уақытта өңдеумен ет және ет өнімдерін өндіру.

 Субсидиялау колемінің осы критерийлерін енгізу арқылы тірі салмақтың бір келісіне 200 теңге нормативінде немесе сойылған мал етінің келісіне 400 теңге деп есептегенде шамамен 8 млрд теңге субсидия қажет болады.

  Қолдаудың осындай схемасында фермерлерге малды бордықылау алаңына немесе тілкелей ет комбинатына өткізіп мемлекеттік қолдау шараларын алу бойынш таңдау мүмкіндігі беріледі.

 Ауыл шаруашылығы министрлігі алдында Қазақстан ет өңдеушілері қауымдастығы АӨК саласында субсидия беру әдістемесін таныстырды.

 Біріншіден, етті терең өңдеуді ынталандыру мақсатында ҰКП ет өңдейтін кәсіпорындарды қажетті жабдықты сатып алу бойынша жаңғырту үшін шығындарды (35%-дан 50%-ға дейін) өтеу мақсатында инвестициялық субсидия төлқұжаттарын қарастыруды ұсынды.

Бұдан бөлек  мал жеткізушілеріне және субсидия алушыларға ұйымдастырушы шаруашылықтарды анықтау ғана қажет – ЖШС, ШФҚ, ЖК, ауыл шаруашылығы кооперативтері.

Эльдар Жұмағазиевтың айтуынша, өткізудің тұрақты нарығын қамтамасыз ету  және отандық өнімді қазақстандық дүкендер сөрелеріне шығару мақсатында отандық өндірушілерден өнімді сатып алу үшін «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша бөлшек сауда желілері мен дистрибьюторлардың несиелеріне пайыздық мөлшерлемелер бойынша субсидиялар қарастыру ұсынылуда.

 Айта кетелік, қазіргі таңда сауда саласына ешқандай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілмейді. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі «Мамандандырылған емес дүкендерде, негізінен, азық-түлікті бөлшек сауда» 47.11 экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішін кеңейтуді ұсынуда.

Өнім сапасына қатысты мәселе өзекті. Бүгінде Қазақстанда импортты өнімдер бекітілген бақылау жоспарына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Сапа Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің бақылау процесінде ғана тексеріледі.

  «Яғни, тауар алдымен елге келеді, содан кейін барып біз сапасыз өнім туралы білеміз. Ал Ресейде бақылау органдары бүкіл өнімді тауардың елге кіру кезеңінде тексереді. Шекарада осындай бақылауды орната аламыз ба, сонда ғана отандық өнімнің бәсекелік артықшылығы күшеер еді. Ресейліктер қолданатын шараларды біздің бақылау жүйесінде де қолдану қажет», – деп ұсынды «Атамекен» Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

 Комитет отырысының соңында спикер   осындай схеманы агроөнеркәсіптік кешеннің басқа секторларында  қолданып, өңдеушілер, «Атамекен», Ауыл шаруашылығы министрлігі және базарлармен бірлесіп, бірыңғай позицияны шығаруды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер