«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады

2018 жылғы 09 Қаңтар
3557 просмотров

9 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл  сайынғы Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады

Елбасы биылғы Жолдауында жүзеге асырылуы тиіс 10 негізгі бағытқа тоқталып өтті.

«Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі  ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. 100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны  жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру  бағыты бойынша  кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды», - деді Президент өз мәлімдемесінде. Телеарна эфиріндегі мәлімдемеде Мемлекет басшысы адамзат баласының жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқанын және заманауи технологиялардың әлемді өзгертіп жатқанын атап өтті.  «Жаһандық технологиялық өзгерістерге жаңа сын-қатерлермен қатар өсуге арналған жаңа мүмкіндіктер де тән. Бұл – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жеделдетіп енуімізге арналған тарихи мүмкіндігіміз. Ертең менің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауым жарияланады. Жолдау еліміздің Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналып отыр», - деді Елбасы.

 Ертең жасалатын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл  сайынғы Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі он міндет:

Бірінші, қазақстандық индустрия жаңа технологияларды енгізуде флагман бола білуі керек.

Екінші, ресурстық әлеуетті қолдану тиімділігін барынша жақсарту.

Үшінші, агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру

Төртінші, транспорт пен логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыта беру.

Бесінші, ТҮКШ және құрылыс саласында заманауи технологияларды қолдану.

Алтыншы, Қазақстанның қаржы секторын «қайта жандандыру».

Жетінші, адам капиталы

Сегізінші, тиімді мемлекеттік басқару.

Тоғызыншы, Заң құзыреттілігі мен жемқорлықпен күрес

Оныншы, «Смарт сити» технологиясын енгізу.
 «Жаһандық технологиялық өзгерістерге жаңа сын-қатерлермен қатар өсуге арналған жаңа мүмкіндіктер де тән. Бұл - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жеделдетіп енуімізге арналған тарихи мүмкіндігіміз. Ертең менің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауым жарияланады. Жолдау еліміздің Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналып отыр», – деді Елбасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер