«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Нұрсұлтан Назарбаев: Қуатты экономиканың негізі – бұл, ең алдымен, шағын және орта бизнес

2018 жылғы 03 Қыркүйек
11175 просмотров

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламентінің алтыншы шақырылымының төртінші сессиясын ашты, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі

Құрметті депутаттар!

Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын.

Сіздер жазда өңірлерді аралап, елдің тыныс-тіршілігімен жете таныстыңыздар. Халықты не толғандыратынын, қандай мәселелер бар екенін көзбен көріп, біліп келдіңіздер. Ол барша қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жолындағы қызметтеріңізге қажет.     

Кезек күттірмей қолға алынуға тиіс маңызды жұмыстар жеткілікті. Қос палатаның бірлескен отырысында басымдықтарды айқындап, бірден іске кірісуіміз керек. Стратегиялық нысана белгілі. 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына қосылу – біздің айнымас межеміз.

Қазақстандағы ішкі жалпы өнім 4 пайызға артты, инфляция 5,9 пайызға төмендеді, инвестиция көлемі 24 пайызға өсті. Экономика мен қоғамның тиімді жаңғыруына қажетті жағдайлар жасалуда. Біз былтырдан бастап экономиканың әлемдегі орташа даму қарқынынан оза бастадық. Өңдеу өнеркәсібі, көлік және қызмет көрсету салалары сияқты шикізаттық емес секторлар экономикалық өсімнің қозғаушы күшіне айналды.Әрі қарай дәйекті әлеуметтік-экономикалық даму үшін сапалы заң шығару жұмысын жалғастыру қажет.

БІРІНШІ.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды медициналық және әлеуметтік сақтандыру, сондай-ақ зейнетақымен қамту жүйесіне тарту – маңызды мәселелердің бірі.

Табысынан ешқандай төлемдер жасамайтын халықтың бір бөлігі бар, сәйкесінше олар зейнатақы жүйесі мен әлеуметтік қолдау шараларымен толыққанды қамтылмай отыр. Осыған байланысты қажетті заңнамалық өзгерістер әзірленді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеуді оңтайландыру үшін бірыңғай жиынтық төлемді енгізу ұсынылады.

Оны төлеу арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар медицианлық және әлеуметтік сақтау жүйелеріне, сондай-ақ, зейнатақымен қамтуға қатысуға мүмкіндік береді.  Тиісті өзгерістерді осы жылдың соңына дейін қабылдау қажет.

 Бұл, әсіресе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін енгізу, қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелерін және медициналық мекемелерде корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жұмыстарына байланысты болғандықтан аса өзекті саналып отыр.

Жаңа заң жобасы әзірленді, онда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелерінен басқа медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін енгізу, қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін жақсарту, медициналық ұйымдарда корпоративтік басқару және т.б. сқрақтар қарастырылған. Заң жобасы Парламент қарауына жіберілді. Қарау мерзімін созбауды сұраймын.

ЕКНІШІ.

Тұрғындық қатынастар саласы әр тұрғынның мүддесіне тікелей қатысты. Құрылыстың қарқынды дамуына байланысты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында тұрғындарды қанағаттандырмайтын күрмеулі мәселелер бар. Бұл жайт азаматтардың наразылығын тудырады. Бұл жүйенің қызмет көрсетуші компаниялар мен тұрғындар арасындағы қарым-қатынастың ашықтығы қағидатына, сондай-ақ қаражат шығыны мен монополистердің жауапкершілігін бақылауға негізделуі тиіс.

Жалпы үй шаруашылығы басқармасының түсінікті әрі тиімді жүйесін құру керек. Менің тапсырмаммен Үкімет сәйкес заң жобасын әзірледі, құжат биыл Парламент қарауына жіберілетін болады.

 ҮШІНШІ.

Табиғи монополиялар саласында инфрақұрылымды жаңарту және көрсетілетін қызмет түрлері сапасын арттыру бойынша міндеттер тұр. Парламентте «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы жатыр. Жоба монополистерді ынталандыру, тиімділікті арттыру мен қызметінің ашықтығы, сонымен қатар әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған.

ТӨРТІНШІ.

Мықты экономика негізгі – ол бірінші кезекте орта және шағын бизнес.Оның үлесін 2050 жылы 50%-ға жеткізу – стратегиялық мақсат болып табылады. Бүгінде бұл сегментте 1 млн-нан астам субъекті қызмет етуде және елдің белсенді халқының 30%-ы жұмыспен қамтылған. Келешекте шағын және орта бизнес ел экономикасында басты жұмыс берушіге айналуы тиіс.

 Биыл мамыр айында кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру бойынша түзетулердің ауқымды топтамасына қол қойңан болатынмын. Алға жылжу керек. Бизнес-ортаның ары қарайғы дамуы үшін Үкіметке заңнамалық өзгреістердің жаңа топтамасы жіберіледі.

Үкіметке Туризмді дамытудың 2023 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу тапсырылды. Бұл құжат жыл соңына дейін қарастырылып, қаржылық тұрғыдан қажетті заңнамалық база арқылы бекітілуге тиіс.

Сонымен қатар, Парламентте мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор үшін сатып алу мәселелеріне қатысты заң жобасы бар. Осы құжат аталған процесті жеңілдетуге, оның тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық қатерін төмендетуге, басым бағыттарды іске асыру үшін қаржы бөлуге және бизнес ахуалын жақсартуға мүмкіндік береді

Парламентке, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында қылмыстық заңнаманаы ары қарай ізгілендіруді қарау қажет. Мұнда ынталандыру мен жазалау арасында теңгерім табу керек.

Әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасы тұрақты болуы шарт. Сонымен бірге құқық бұзушылық сипатына қатысты жауапкершіліктің пропорционалдығы принципі қатаң сақталуы тиіс. Биыл Үкімет осы мәселелрді шешуге бағытталған заң жобасын қарауға жібереді. Енгізетін болады.

БЕСІНШІ.

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы заңнаманы, соның ішінде сақтандандыру, аграрлық қолхаттарды енгізу, несиелік серіктестіктерді дамыту, сондай-ақ ветеринария саласында бақылау жүйесін оңтайландыру мәселелерін одан әрі жетілдіру қажет. Сәйкес заң жобасы Парламент қарауында жатыр. Оны жылдың соңына дейін қарауды сұраймын.

АЛТЫНШЫ.

Қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды міндеттерінің бірі – тарихи-мәдени мұраны сақтап, кеңінен танытуды қамтамасыз ету болып саналады. Осыған байланысты тиісті заң жобасын қабылдау үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес тарихи әрі киелі нысандарды тиімді дамытуға, қорғауға септігін тигізеді.

ЖЕТІНШІ.

Биыл маусым айында Шымкентке републикалық маңызы бар қала мәртебесі беріліп, Түркістан облысының құрылды. Киелі Түкістанда жаңа облыс орталығын құру тәуелсіз әкімшілік орталық ретінде аймақтың тарихи маңызын қалпына келтірудің белгісі болып табылады.

Парламенттің қарауына қайта құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктердің толыққанды жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған заң жобалары енгізілетінін және олардың шұғыл қаралып, қабылдануы керек.

Жуық арада Парламент қарауына құрылған  әкімшілік-аумақтық бірліктердің толық жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүкіндік беретін заң жобалар жіберіледі. Олар жедел әзірлеу мен қабылдауды талап етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер