«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Көшпелі мәжіліс өтті

2016 жылғы 27 Қазан
- Жетісу облысы
5866 просмотров

Алматы облысының Ұйғыр ауданында Кәсіпкерлердің  аудандық кеңесінің алғашқы көшпелі мәжілісі  өтті

Шілденің соңында Кәсіпкерлердің өңірлік кеңесі мен дирекциясы  кәсіпкерлерді аудандық кеңестің ережелерімен таныстырып, кездесу өткізген болатын.

Бұл жолғы кеңестің көшпелі мәжілісі Абат ауылдық округінде өтті. Кеңес хатшысы, Ұйғыр ауданы филиалының директоры кәсіпкерлерге аудандық кеңестің жүргізіп отырған жұмысы, қолдаудың жаңа түрлері жайлы әңгімеледі.  Бұдан соң кездесуге қатысушылар несиелерді беру шарттары және қарау мерзімдері жайлы сұрақтар қойды. Кәсіпкерлер уәкілетті органдардың құжаттар жинағын қарау және қалыптастыру уақытының көпке созылатындығына наразы. Аудандық кеңестің төрайымы Жамал Оқаева кәсіпкерлер де органдардың  шарттары мен өтініштерін толық көлемде орындауы тиіс деп атап көрсетті.

«Мен де кәсіпкермін, несиеге қол жеткізудің қаншалықты қиын екендігін  білемін, кейде құжаттарды жинау және өтінімдерді қарау бірнеше айға созылады. Бұл жерде, әрине, осы құрылымдардың және тұлғалардың жауапкершілігі жайлы айту қажет. Дегенмен өтінімдері қабылданбаған кәсіпкерлер одан бас тартып, қаржыландырудың басқа құралдары мен   тәсілдерін іздейтін кездері де болады. Мысалға жеке басыма келетін болсақ, мен несие алуды 50 мың теңгеден бастадым. Қазір маған 150 млн теңге  дейінгі сомадағы несие беріледі . Сондықтан барлық кәсіпкерлерді белсенді, қажырлы болуға шақырамын», – деді Жамал Оқаева.  

Сондай-ақ жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерте алмай жүрген кәсіпкердің мәселесі де сол жерде шешілді. Аудандық кеңестің септігі тиіп, енді келесі аптада фермер ісі ауданның жер комиссиясы мәжілісінде қаралатын болады.

Арыздар, түйткілді мәселелер мен ұсыныстар арасында Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің атына алғыстар да айтылды. «Эврика»   шаруа қожалығының басшысы Гаджиахмед Қадыров сарапшы Диас Оташбаевтың ҚР ҰҚК 2534 әскери бөліміндегі сот талқылауында қожалықтың құқығын қорғағанын айтты.

Кәсіпкерлердің аудандық кеңесі мүшелері енді ауданның шалғайдағы ауылдарында – Қалжат және Кіші диқан ауылдық округтерінде  көшпелі мәжілістер өткізбек. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер