«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Оқы да сертификатқа ие бол!

2016 жылғы 28 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
18860 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқыту тренингіне қатысуға шақырады

Биылғы жылдың екінші маусымында 12 екікүндік семинар өткізу жоспарланып отыр.

Екікүндік қарқынды оқыту барысында СҚО КП бизнес-тренерлері қатысушыларды бизнес-идеялар таңдау стратегияларымен, бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі құқықтық аспектілерімен, ҚР шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау құралдарымен таныстырмақ. Оқыту кезеңінде семинар қатысушылары нарықты талдауды, баға саясатын таңдауды, бизнес-жоспар жасау және маркетингтік бағдарлама жасауды, шығындар мен кірістерді жоспарлауды, тәуекелдерді анықтап, оларды төмендету үшін шараларды іріктеуді үйренеді.

Оқыту барысында бизнес-тренерлер ағымдағы кәсіпкерлер тәжірибесінен мысалдар келтіріп, бейнематериалдар, практикалық тапсырмалар мен жаттығуларды қолданады.

«Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқытуға келесі кесте бойынша қатысуға болады:

7-8 сәуір – М.Жұмабаев атындағы ауданның КҚО-да Булаево қ., Озерная көш., 1а-үй (жеке меншік мектеп ғимараты) мекен-жайы бойынша;

18-19 сәуір – Ақжар ауданы КҚО-да Талшық ауылы, Целинная көш., 18-үй (Кәсіпкерлер палатасы ғимараты) мекен-жайы бойынша;

20-21 сәуір – Уәлихан ауданы КҚО-да Кішкенекөл ауылы, Гагарин көш., 84а-үй («Нұр Отан» партиясы ғимараты) мекен-жайы бойынша;

28-29 сәуір – Петропавловск қ. КҚКО-да Петропавловск қаласы, Ж.Жабаев көш., 191-үй, оқыту бағдарламаларына арналған сыныпта;

4-5 мамыр – Шал ақын ауданының КҚО-да Сергеевка қ., Победа көш., 35-үй (аудандық әкімдік ғимараты, конференц-зал) мекен-жайы бойынша;

12-13 мамыр – Тайынша ауданы КҚО-да Тайынша қ., Центральный көш., 3а-үй («Нұр Отан» партиясы ғимараты) мекен-жайы бойынша;

19-20 мамыр – Есіл ауданы КҚО-да Явленка ауылы, Ленин көш., 14а-үй («Нұр Отан» партиясы ғимараты) мекен-жайы бойынша;

26-27 мамыр – Петропавловск қаласы КҚО-да Петропавловск қаласы, Ж.Жабаев көш., 191-үй, оқыту бағдарламаларына арналған сыныпта;

2-3 маусым – Айыртау ауданы КҚО-да Саумалкөл ауылы, Уәлиханов көш., 42-үй (Жұмыспен қамту ғимараты) мекен-жайы бойынша;

9-10 маусым – Қызылжар ауданы КҚО-да Бескөл ауылы, Комаров көш., 2-үй (Кәсіпкерлер палатасы ғимараты) мекен-жайы бойынша;

16-17 маусым – Ғ.Мүсірепов атындағы КҚО-да Новоишим ауылы, Абылай хан көш., 11 б-үй («Нұр Отан» партиясы ғимараты) мекен-жайы бойынша;

23-24 маусым – Петропавловск қ., Ж.Жабаев көш., 191-үй, оқыту бағдарламаларына арналған сыныпта;

Оқытуға қатысып, ҚР кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік беретін сертификаттарды кез келген қалаған жан ала алуға мүмкіндігі бар. Оқу үшін өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Петропавловск қаласы, Абай көш., 29-үй, 111-каб.

Оқытуды СҚО КП бизнес-тренерлері Елена Коняхина мен Алена Петрова жүргізеді.

СҚО КП байланыс телефондары: +7 7152 50 25 49.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер