«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Адамның өмірі – табыстан маңызды!

2015 жылғы 03 Қыркүйек
- Алматы қаласы
12037 просмотров

Жыл сайын Қазақстандағы өндіріс орындарында 3 мыңнан астам қайғылы оқиға орын алады, оның ішінде үш жүзден астамы өліммен аяқталады

Мұндай жағдайдың себебі неде және өлімді болдырмау үшін қандай шаралар қолдану қажет? Алматы Кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстел басында осы түйткіл талқыға түсті. Кездесуге Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, ҚР Жұмыс берушілері конференциясы, сақтандыру компаниялары өкілдері мен жұмыс берушілер қатысты.

«2015 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша қаладағы кәсіпорындарда 53 қайғылы оқиа тіркелген. Нәтижесінде 75 адам зардап шегіп, оның ішінде 10 адам қаза тапқан, 26 жұмысшы ауыр өндірістік жарақат алған”, - деп хабарлады Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы Еңбек қауіпсіздігі және қорғау бөлімінің басшысы Жандос Надырханов.

Оның айтуынша, қайғылы оқиғалардың көпшілігі құрылыс саласындағы кәсіпорындарда орын алады. Жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі бойынша нормативтік актілердің ғана емес, құрылыс нормалары мен ережелері талаптарын елемеуі жиі кездеседі.

Жандос Надырханов инспекторлардың жетіспеушілігіне де назаланды.

“Еңбекті қорғау қауіпсіздігі бөлімінде бар-жоғы 6 адам жұмыс жасайды. Бұл осы ірі мегаполиске. Олар профилактикалық іс-шараларды өткізуге физикалық тұрғыдан үлгермей жатады”, - деді ол.

Алматы қаласында өндірістік жарақаттануды төмендету мақсатында, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы бірқатар шараларды ұсынады. Біріншіден, мемлекеттік инспекцияға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылаудан (МСҚБ) ай сайын барлық деректемелері көрсетілген құрылыс нысандарының тізбесін алу мүмкіндігін беру. Екіншіден, өндірістік мақсаттағы нысандарды пайдалануға қабылдау кезінде қабылдау комиссиясының құрамына мемлекеттік еңбек инспекторын кіргізу. Үшіншіден, биік ғимараттардың құрылыс алаңдарында жұмыс жүргізу жобасында міндетті көрсетумен қорғаныш-ұстап қалу торларын орнатуды қамтамасыз ету. Және де, соңғысы, өндірісті екі және одан көп қайғылы оқиға орын алғанда лицензиаттың әрекеттегі санатын ең төмен санатқа түсіру.

«Алматы электр желілері» кәсіпорны «Серіктес» Кәсіподағы төрағасы Бейбіт Аққұлиевтің ойынша, ҚР жаңа Еңбек Кодексінде бұрынғы «Еңбекті қорғау» Заңының негізгі талаптарын қалпына келтіру қажет.

“Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар функциясын қалпына келтіру – бұл жер-жерлердегі жұмысшылардың өздерін бақылаумен мемлекеттік инспекторлар жұмысының диалектикалық бірлігі. Жұмыстың қауіпсіз әдістері мен қорғаныш құралдарын үнемдеудің қажеті жоқ”, - деп атады Бейбіт Аққұлиев.

“40 тарау – ҚР еңбек заңнамасын сақтауды қоғамдық бақылау жаңа Еңбек Кодексінің жобасынан алынып тасталған. 22 тарауда «Ішкі бақылау» ұғымын «Ұйымдардағы Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес» 199 бапқа айырбастау байқалады”, - дейді кәсіподақ көшбасшысы.

Түсініксіз сұрақтар көп. Олардың бастысы: осы Кеңестің жұмысын кім реттейді және жоспарлайды? Жұмыс беруші мен Жұмысшы мүддесінің күресі қайда? Осы мүдделерге арбитраж жасаудағы мемлекеттің ролі қандай?

“Заң шығарушылардың еңбекті қорғау саласындағы еңбек құқықтарын шешуді әлеуметтік серіктестік саласына ауыстыруды сұрауы түсінікті болып отыр. Бірақ еңбек кодексінде серіктестер тараптарының құқықтары мен жауапкершілігі анық жазылуға тиіс”, - деп баса көрсетті Бейбіт Аққұлиев.

Дөңгелек үстелге қатысушылар кәсіподақтар мен жұмыс берушілер мемлекеттік органдарының бірлескен күшінің арқасында ғана еңбекті қорғау және қауіпсіздіктегі толғақты мәселелерді шеше алады деген бір ойға келді.

Алматы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Жанат Естаев Қызмет көрсету орталықтарында кәсіпкерлерге көрсетілетін сервистік қызметтің жаңа түрі – оларға еңбекті қорғау және өндірістегі қауіпсіздік жөніндегі кешенді шараларды ұйымдастыру тәртібі бойынша консультация беру.

“Бұрынғы қауіпсіздік техникасы жөніндегі инспекторлар мен жер-жерлердегі кәсіподақ белсенділері арасынан тұрақты сараптау тобын құрайық”, - деп ұсынды Жанат Естаев.

Оның айтуынша, кәсіпкердің ішкі шығындары үшін қосымша баухгалтерлік есеп индикаторларының жіктелуі және жеке қаражат капиталдануы бойынша ұсыныстар дайындау қажет.

“Кәсіпкерлер еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ұйымына осы шығындарды «инвестициялар» қаржы сараланымына ауыстырумен жолдайды да, осы шығындарды «қосарлы шегеріс» режиміне шығарады”, - деді Жанат Естаев.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша жұмыс берушілердің қаражатын өндірістегі еңбекті қорғау және қауіпсіздікке қаражат инвестициялауына түрткі болатын шараларды дайындау жөніндегі жұмыс тобын құру, және де салық және өзге де заңнамаға сәйкес өзгертулер енгізуге шешім қабылданды. Жұмыс тобының барлық ұсыныстары ҰКП орталық аппаратына жіберілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер