Мұнай-газ секторы және экология департаменті
Мұнай-газ секторы және экология департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Атамекен» ҚР ҰКП құрылымдық бөлімшесі. Департамент қызметінің бағыттарына мұнай-газ өнеркәсібі және экология (экологиялық реттеу және бақылау, қалдықтарды басқару, парниктік газдар, «жасыл» технологияларды дамыту және қаржыландыру) мәселелері кіреді.
Департамент «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Мұнай – газ өнеркәсібі және Экология комитетінің (бұдан әрі – Комитет) жұмыс органы болып табылады.
Департаменттің негізгі міндеттері мен функциялары:
- салалық комитеттердің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету;
- жетекшілік ететін салалық бағыттардағы түйінді мәселелерді шешу бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен қауымдастықтардың (одақтардың) шоғырландырылған пікірін (ұстанымдарын) әзірлеу;
- жетекшілік ететін салалық бағыттарда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- жетекшілік ететін салалық бағыттардағы мәселелер бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысу;
- жетекшілік ететін салалық бағыттарда Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу.