«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Өңірлік палаталар

2013 жылғы 8 қазанда еліміздің 14 облыс орталығында және Астана мен Алматы қалаларында Кәсіпкерлер палаталары құрылды. Биыл бұл тізімге 17-ші өңір – Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы қосылды (Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы және Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы болып қайта құрылды).

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғап, заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, аймақтағы бизнес өкілдерін бір ортаға шоғырланған кәсіпкерлік қауымдастық құруға жұмылдыру.

Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының міндеті – еліміздің барлық аймағында кәсіпкерлік секторын дамыту, кәсіпкерлік саласына қатысты мемлекеттік саясатты құруда және жүзеге асыруда бизнес өкілдерінің мүдделерін ескеру үшін институтционалдық мүмкіндіктер жасау. Аймақтық бизнес өкілдері мен жергілікті әкімшіліктер арасындағы өзара тиімді байланыс тетіктерін жетілдіру.

Қазақстан облыстары мен аудандарында жергілікті ауқымдағы мәселелер Өңірлік кәсіпкерлер палаталары және олардың аудандық филиалдары арқылы шешілетін болады. Егер орын алған мәселе Үкімет деңгейінде қаралуды талап етсе немесе оны шешу үшін заңнамаға өзгертулер енгізу қажет болса, онда мәселе «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқармасы деңгейінде қаралымға жіберіледі.

 Мұндай құрылым бизнестің ауқымды әрі жүйелі мәселелерін, атап айтқанда рұқсат ету процедураларын оңтайландыру, салықтық әкімшіліктендіруді жақсарту сынды мәселелерін бір мезгілде шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар шағын қалалар мен ауылдардағы кәсіпкерлердің  мәселелері назарсыз қалмайды.

Өңірлік кәсіпкерлер палаталары директорларының тізімі 

Өңір

Директордың аты-жөні

Байланыс нөмірі

  1.  

Нұр-Сұлтан қаласы

Жүнісов

Алмат Асқарұлы

Б.Момышұлы д-лы 2/11

  1.  

Алматы қаласы

Әбілшайықов

Нариман Бақтыбайұлы

Жібек жолы д-лы, 135/10а (Амангелді к. қиылысы)

  1.  

Шымкент қаласы

Кабіштаев

Нұрлан Орынбасарұлы

Солтүстік/Шығыс ы/а 304 Г

  1.  

Ақмола облысы

Смағұлов Ақылбек  Владимирович

 

Көкшетау қ, Абай к., 96

  1.  

Ақтөбе облысы

Даржанова

Анар Нұрлыбекқызы

Сәнкібай батыр к., 22 К

  1.  

Алматы облысы

Шаяхметов

Әсет Несіпбекұлы

Астана д-лы,  2 а ғимараты, көрме павильоны

  1.  

Атырау облысы

Идресов

Абдолла Хамиұлы

Сәтбаев д-лы, 78

  1.  

ШҚО

Шәкербек

Мәріпбек Шәкербекұлы

Өскемен қ., Победа д-лы 6, 2-қабат

 

  1.  

Жамбыл облысы

Директордың м.а.

Қосалиев

Самат Шыналыұлы

Төле би к., 93а, «Арай Плаза» БО 2-қабат

  1.  

БҚО

Ыбрайымов

Бағдәулет Талғатұлы

Исатай-Махамбет к, 84-үй

  1.  

Қарағанды облысы

Кұлпейісов

Ернар Дауылұлы

Ермеков к., 29

  1.  

Қостанай облысы

Әбенов

Мұрат Телғараұлы

Әл-Фараби к., 116

  1.  

Қызылорда облысы

Жақсылықов

Ғалымжан Жақсылықұлы

Желтоқсан к.,12-ңимарат, 11-қабат

  1.  

Маңғыстау облысы

Мұстапаев Рашит Тұранұлы

35 ы-а, КҚКО ғимараты

  1.  

Павлодар облысы

Крук

Олег Павлович

Луговая к.,16

  1.  

СҚО

Оразғұлов

Арман Сарбасұлы

Кәрім Сутюшев к.,60, 4-қабат

  1.  

Түркістан облысы

Нахыпбеков

Тимур Арсенұлы

Түркістан қ.,

 С.Қожанов к., 42

 

 

Серіктестер