КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді.
Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді жедел әрі жүйелі шешу үшін, сондай-ақ көпшілікке таныстыру мақсатында құрылған.
Кеңес төрағасы – Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы.
Кеңестің негізгі міндеттері:
1) кәсіпкерлер құқығын және кәсіпкерлік қызметтің бостандығын қорғау;
2) мемлекеттік органдар мен мекемелерге кәсіпкерлер құқығын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы ұсыныстар беру;
3) Ұлттық палатаның мүшелерін қорғау үшін мемлекеттік органдарға ұсыныстар дайындау және жолдау, ресми хат алмасуды жүргізу, олардың құқығы мен заңдық мүддесін таныту;
4) орталық және жергілікті мемлекеттік басқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, жеке кәсіпкерлік субъектілері, Ұлттық палата жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына қоғамның түрлі тіршілік әрекеті салаларында ұсыныстар дайындау және көмек көрсетуге бағытталған өзге де іс-шараларды қабылдау арқылы жәрдемдесу:
- кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында жұмылдыру;
- кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттестігін күшейту;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезіндегі жемқорлыққа қарсы тәжірибені қалыптастыру;
- ресурстарды бөлу және инфрақұрылымға қол жеткізу механизмдерін жетілдіру;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер
Кеңес құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Бас прокурорының орынбасары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, ҚР мемлекеттік қызмет істері агентігінің төрағасының орынбасары, мемлекеттік органдар басшылары, қоғам қайраткерлері, бизнес-қоғамдастық пен БАҚ өкілдері кіреді.
Өңірлік кеңестерге өтініш жіберу тәртібі
Кеңеске өтініш жіберу регламенті
№1 Кеңес отырысы
Кеңес шешімі №1-1, 10.02.2022ж.
Кеңес шешімі №1-2, 10.02.2022ж.
№2 Кеңес отырысы
№3 Кеңес отырысы
№4 Кеңес отырысы
Кеңес шешімі №4-1, 25.05.2022ж.
№5 Кеңес отырысы