astana-view

Департаменттер

Тауардың шығу тегін сертификаттау департаменті

Малгаждаров Аман Бекмуратович

Басқарушы директор - Департамент директоры

 Тауардың шығу тегін сертификаттау департаменті – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі

Департамент тауардың шығу тегін сертификаттау мәселелері жөніндегі өңірлік кәсіпкерлер палаталары, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор және басқа да ұйымдармен белгіленген тәртіпте өзара қарым-қатынас орнатады.

 Департаменттің негізгі қызметі:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен тауардың шығу тегін сертификаттау мәселелері жөнінде өзара қарым-қатынас орнату;
  2. тауардың шығу тегін сертификаттау мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнамаға мониторинг жүргізу, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
  3. тауардың шығу тегін сертификаттау саласында заңнамалық және нормативтік құжаттарды сараптау;
  4. тауардың шығу тегін сертификаттау мәселелері жқніндегі мемлекеттік органдар жанындағы кеңес беру-ақылдасу органдарының жұмысына қатысу;
  5. тауардың шығу тегін сертификаттау мәселелері бойынша салалық қауымдастықтар және комитеттермен өзара қарым-қатынас;
  6. кәсіпкерлердің өтінімдерін (шағымдарын) өз құзыреті шеңберінде қарау;
  7. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелеріне тауардың шығу тегін сертификаттау мәселелері бойынша консультация беру;
  8. Өңірлік кәсіпкерлер палаталары (ары қарай – ӨКП) өкілетті тұлғаларын оқыту, біліктілігін жоғарылату және аттестаттау;
  9. ӨКП өкілетті тұлғаларының тізілімін жүргізу;
  10.  тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттардың бірыңғай деректер базасын жүргізу;
  11. ӨКП қызметін инспекциялық және камералық тексерулер арқылы тауардың шығу тегін сертификаттау бойынша қызметті іске асыру Ережесі талаптарын орындауды жалпы бақылау;
  12.  ӨКП-ларды тауардың шығу тегін туралы сертификаттармен қамтамасыз ету;
  13. Ішкі қолданыс үшін тауардың шығу тегі туарлы берілген сертификаттарға ішкі аудитты ұйымдастыру;
  14.  Кеден ісі саласында өкілетті органға, техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға, сонымен қатар импорт елінің кедендік органдарына тауардың шығу тегі туарлы сертификатты растауға өкілетті тұлғалардың қолын, мөр таңбасы үлгілерін жолдау;
  15. Тауар, жұмыс және қызметті отандық өндірушілер тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ индустриялық сертификатты беру бойынша әдістемені әзірлеу мен сүйемелдеу.  

Пайдалы құжаттар мен ақпарат.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер