Экология және тұрақты даму департаменті
Экология және тұрақты даму департаменті «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департаменттің міндеттері:
- ҰКП ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес Департамент жұмыс органы болып табылатын департаменттің, салалық комитеттер мен кеңестердің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету;
- Қоршаған ортаны қорғау (оның ішінде экологиялық реттеу және бақылау, қалдықтарды, парниктік газдарды басқару), тұрақты даму (оның ішінде «жасыл» технологиялар мен қаржыландыруды дамыту) және техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтер саласындағы түйінді мәселелерді шешу бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен қауымдастықтардың (одақтардың) шоғырландырылған пікірін (ұстанымдарын) әзірлеу (оның ішінде техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтер тізілімін жүргізу);
- Қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму (оның ішінде «жасыл» технологиялар мен қаржыландыруды дамыту) және техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіптік қызметтер саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін ұсыну, қорғау жөніндегі ҰКП қызметіне қатысу (оның ішінде техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтер тізілімін жүргізу);
- Кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың қауымдастықтарының (одақтарының) қоршаған ортаны қорғау (оның ішінде экологиялық реттеу және бақылау, қалдықтарды, парниктік газдарды басқару), тұрақты даму (оның ішінде «жасыл» технологиялар мен қаржыландыруды дамыту) және техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтер саласындағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысу (оның ішінде техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтер тізілімін жүргізу);
- Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау (оның ішінде экологиялық реттеу және бақылау, қалдықтарды, парниктік газдарды басқару), тұрақты даму (оның ішінде «жасыл» технологиялар мен қаржыландыруды дамыту) және техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтер саласындағы кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу (оның ішінде техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтер тізілімін жүргізу);
- Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген жауапкершілігі жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.