Сауда комитеті
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының келесі сұрақтар бойынша шоғырланған және келісілген ұстанымын әзірлеу және сараптама жасау Комитет міндетіне кіреді:
- сауданы дамыту саласындағы мемлекеттік саясатқа тұжырымдамалық тәсілдемелер жасау;
- Қазақстан Республикасының сауда мәселесі бойынша заңнамасын жетілдіру;
- сауданы дамыту саласындағы заңнамалық және (немесе) ұйымдастырушылық шешімді талап ететін басым мәселелерді анықтау;
- сауданы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау бағыт бойынша Ұлттық палатаның негізгі стратегиялық бірыңғай ұстанымын қалыптастыру;
- сауданы дамыту бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын іске асыруға және дайындауға қатысу;
- халықаралық ұйымдармен және компаниялармен ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстарды өндіру.