Мұнай-газ өнеркәсібі комитеті
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Мұнай-газ өнеркәсібі комитеті бизнес қауымдастықтың мемлекеттік билік органдарымен ҰКП-ның мұнай-газ өнеркәсібі саласына қатысты сұрақтар бойынша міндеттерді шешу үшін тиімді өзара әрекеттесу мақсатында құрылған. Төралқа және Ұлттық палата Басқармасыға жіберілетін ұсыныстарды әзірлеу және сараптама жасау комитет міндетіне кіреді:
- Мұнай-газ өнеркәсіптік саласындағы мемлекеттік саясатқа тұжырымдамалық тәсілдемелер;
- Салаға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру;
- Мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы заңнамалық және (немесе) ұйымдастырушылық шешімді талап ететін басым мәселелерді анықтау;
- Саланы дамытудағы негізгі стратегиялық бағыттар бойынша Ұлттық палатаның бірыңғай ұстанымын қалыптастыру;
- Саланы дамыту бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын іске асыруға және дайындауға қатысу;
- Халықаралық салалық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту.