«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірлік кеңестің мақсаты мен міндеттері

Өңірлік кеңес өңірлік палатаны бақылайтын бизнес-субъектілерінен және делегаттардан, сонымен қатар, Ассоциация өкілдерінен тұрады. 

Кеңестің мақсаты – экономиканың маңызды секторы кәсіпкерлікті өсіру, өркендету және нығайту. Өңірлік кеңес палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі.

Шымкент қ. Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің құрамы облысымыздың 28 бизнес-өкілдерінен тұрады.

Бизнес-қауымдастықты нығайту, облысымыздағы бизнесті дамыту мақсатында және кәсіпкерлердің мәселелерін шешуде Шымкент қ. Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің ішінен 7 салалық комитет құрылған:

  1. Ауылшаруашылық комитеті;
  2. Тағамдық, жеңіл, өңдеуші кәсіпорын комитеті;
  3. Құрылыс және құрылыс материалдарын өңдейтін комитет;
  4. Сауда-саттықты дамыту комитеті;
  5. Білім, медицина және әлеуметтік дамыту салаларының комитеті;
  6. Қызмет саласын дамыту комитеті;
  7. Энергетика және өнеркәсіп комитеті.

 

Серіктестер