Өңірлік кеңестің мақсаты мен міндеттері
Өңірлік кеңес өңірлік палатаны бақылайтын бизнес субъектілерінен және делегаттардан, сонымен қатар, Ассоциаиция өкілдерінен тұрады.
Кеңестің мақсаты – экономиканың маңызды секторы кәсіпкерлікті өсіру, өркендету және нығайту. Өңірлік кеңес палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі.
Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің құрамы облысымыздың 25 бизнес өкілдерінен тұрады.
Бизнес-қауымдастықты нығайту, облысымыздағы бизнесті дамыту мақсатында және кәсіпкерлердің мәселелерін шешуде Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің ішінен 7 салалық комитет құрылған:
- Ауылшаруашылық комитеті;
- Тағамдық, жеңіл, өңдеуші кәсіпорын комитеті;
- Құрылыс және құрылыс материалдарын өңдейтін комитет;
- Сауда-саттықты дамыту комитеті;
- Білім, медицина және әлеуметтік дамыту салаларының комитеті;
- Қызмет саласын дамыту комитеті;
- Энергетика және өнеркәсіп комитеті.
Қазіргі таңда Комитеттерді Түркістан облысындағы 19 салалық ассоциациялар және 700-ге жуық кәсіпкерлерді біріктіреді.Комитеттердің тұрақты мүшелерінің саны - 109.
Өткізілген жиналыстардың саны - 45. Жиналыста 34 суұарқ қарастырылған, оның 20-сы оң нәтижемен шешілді.