Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен»
Надежный партнер бизнеса

Рус

Сыр өңірі балықшыларының мәселелері талқыланды

25 Января 2024
- Кызылординская область
1173 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында облыстың жергілікті маңызы бар су айдындарында қызметін жүргізіп келетін кәсіпкерлік субъектілерінің  қатысуымен дөңгелек  үстел отырысы өтті.

Отырысқа «Мансап» Қызылорда қалалық филиалының және Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу  басқармасының өкілдері қатысты.

Жиында балық шаруашылығы саласындағы мамандарды даярлау және мемлекеттік  бағдарламалар аясында жұмысшылар алуға байланысты «Күміс жас», «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламалары арқылы өтініш беру, оқыту, келісім-шарт жасалу жолдары, бағдарлама шарттары, сертификат алу жолдары туралы толыққанды ақпарат беріліп, балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері әрқашан өз аудандары бойынша жұмыспен қамту орталықтарына көмек сұрап жүгіне алатындығы айтылды.

Жиналыс аясында табиғат пайдаланушылар жұмыстарын жүргізу барысында кездесетін кедергілер туралы айтып өтті. Олардың бірі экологиялық мақсатқа бөлінетін су көлемінің  соңғы 3-4 жыл көлемінде өз деңгейінде бөлінбей отырғандығына орай, су айдындары тартылуда десе, енді бірі балық шаруашылығын дамытудың бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, ауланатын  балық көлемінің  азаю мәселесін қозғады. Сондай ақ, Сырдариядағы су деңгейінің төмендігі, балық жеміне берілетін  субсидия, гидротехникалық құрылғыларды салу үшін  мемлекет тарапынан  көрсетілетін  көмектің  жеткіліксіздігі және қолда бар құрылғылардың жұмыс әлеуетінің жеткіліксіздігі мәселелері талқыланды.

Балық шаруашылығы саласындағы атқарылған жұмыстар мен проблемалық мәселелер туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жануарлар дүниесі және балық шаруашылығы» бөлімінің басшысы Ә. Ерұланұлы ақпарат берді.

«Басқарманың ұйымдастыруымен «Арал-Сырдария» Бассейндік инспекциясы мен «Қорқыт Ата» атындағы ҚМУ арасында келіссөз жүргізіліп, облыс бойынша 2023-2024 оқу жылында «Балық шаруашылығы» мамандығына 8 грант бөлінді. Сонымен бірге, аквадақылдарды және инвестициялық шығындарды субсидиялау мәселесі басқарма тарапынан тұрақты бақылауда»,- деді Ерұланұлы өз сөзінде.

        Сондай-ақ, басқарма өкілі барша жиынға қатысушыларды Гидротехникалық құрылғыларды салу және күтіп-ұстау барысында атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Дөңгелек үстел қорытындысымен барша ұсыныстар ескеріліп, табиғат пайдаланушылар өз қызметтерін кедергісіз және үздіксіз жүргізу үшін басқарма тарапынан тұрақты түрде кеңестер беріліп, қолдау көрсетілетіндігі айтылды.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

 

 

 


Подписывайтесь на наш Telegram канал и оставайтесь в курсе последних новостей.

Похожие новости:

Возвышая наши национальные ценности
26 Апреля
2024
Кызылординская область
Нет правонарушениям
26 Апреля
2024
Кызылординская область
Внесены изменения в правила субсидирования
25 Апреля
2024
Кызылординская область

Дочерние организации

Партнеры