«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мақта өсірудің де өз мәні бар

2016 жылғы 11 Тамыз
- Шымкент қаласы
13785 просмотров

Агробіліктілік орталығы ұйымдастыратын барлық оқыту семинарларының 20%-ы Оңтүстік Қазақстан облысында өтеді

Бүкіл ел бойынша ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің агробіліктілігін арттыру мақсатында жоспарланған 666 семинардың 134-і оңтүстікте өтпек. Мақтарал ауданының тыңдаушылары мақта өндірушілерге арналған оқыту семинарларын тиімді деп есептейді. Бұл түсінікті жағдай: мақта өсіру – Оңтүстік Қазақстан облысының 500 тұрғыны айналысып отырған негізгі шаруашылық. Мақта – экспортқа шығарылатын өнімдердің бірі. Ал Оңтүстік Қазақстан – мақта көп мөлшерде өндірілетін жалғыз аймақ. Бір Мақтарал ауданының өзінде мақта алқабы 136 мың гектар жерді алып жатыр.

Мақтарал ауданының бас мақта өндірушісі, «Мақта өсіру ҚазҒЗИ» ЖШС агрохимия бөлімінің басшысы Асанбай Тағаев семинар барысында дәріс тыңдаушыларын арнайы өңдеуді қажет ететін мақта егудің жаңа тәсілдерімен таныстыруда. Өнімді жинағаннан кейін қалдықтарды егісте қалдырып, топырақты 65 см-ден кем емес тереңдікте қопсытады. Сондай-ақ көктемде жерді қайта жыртпай, топырақты молынан суғарады. Асанбай Тағаевтың айтуынша, осылайша ылғалдандырып алғаннан кейін тамыр жерге терең еніп, топырақ қатып кетпейді. Жаңа әдіс ақшаны да үнемдеуге септігін тигізеді. Шаруалардың есебінше, осы әдісті пайдаланғандар, бір гектар жерден 7 млн теңге үнемдеген.

Мақтаралдық семинарға қатысушылардың ойынша агробіліктіліктің осындай дәрістері қазақстандық кәсіпкерлер үшін, әсіресе мақта өсірушілерге зор қолдау.

Қазіргі таңда ОҚО бойынша агроқолдауға байланысты 13 семинар өтіп, шаруашылықты жүргізу әдісі бойынша 195 тыңдаушы дәріс алған. Ертең ауылдық «Қарабұлақ» тұтынушылар кооперативінде ашық далада көкөніс өндіру туралы семинар өткізу жоспарланып отыр. Бұл ауылдық тұтынушылар кооперативінде 6 семинар өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, «Атамекен» Ұлттық палатасымен жасалған Агробіліктілік орталығы еліміздің 25 агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттары негізінде 666 тегін семинар өткізеді. Орталықтың мақсаты – фермерлер мен шаруаларға агрокәсіпті енгізудің инновациясы мен негізін үйрету.

Семинарлар тақырыбы ақпараттарды зерттеу мен жинау барысында жасалған. Субъектілерге тікелей кеңес беруді жоғары білікті қазақстандық сарапшылар жүргізеді. Олар аймақтар мен шаруашылықтарды аралап, жаңа технологияларды енгізуге көмек көрсететін болады.

Өткізілетін семинарлардың тақырыбы барлық агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі бағыттарын қамтитын болады: мал шаруашылығында және ветеринарияда, өсімдік шаруашылығында алдыңғы қатарлы жаңа технологияларды қолдану мәселелері, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сондай-ақ органикалық жер өңдеу мәселелерін түсіндіру.

Семинарларға қатысу үшін қандай да бір құжаттарды толтырып өткізудің қажеті жоқ. Бар болғаны Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына (ОҚО-ның барлық ауданында бар) бас сұқсаңыз жетіп жатыр. Сондай-ақ, қандай мәселе бойынша ақпарат алғылары келетінін және мемлекеттік бағдарлама бойынша ұсыныстарын айтуына болады.

Шымкент қаласының кәсіпкерлері мына байланыс телефоныны арқылы хабарласса болады: 8 (7252) 998 020. Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді: 59-79-60 (алдына код терудің қажеті жоқ, қоңырау шалу Қазақстанның барлық аймағы бойынша тегін). Семинарға қатысқысы келетіндер өтініштерін fermers.kz веб-порталы арқылы онлайн жіберулеріне болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер