«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес үшін оңтайлы орта құру қажет

2016 жылғы 14 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
13099 просмотров

Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы 2,5 жыл ішінде кәсіпкерлердің 9,5 млрд теңгесін үнемдеді

ШҚО-да 2014 жылы бизнес пен мемлекеттік кәсіпорындар арасында дәнекер буын пайда болды және ол кәсіпкерлердің басты мінберіне айналып үлгерді.

Кәсіпкерлер палатасы осы 2,5 жыл ішінде қандай жұмыс атқарды, өңірлік бизнестің проблемаларын шеше алды ма?

«2014 жылдан бастап бүгінге дейін Кәсіпкерлер палатасына бизнестің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мәселесі бойынша 1781 өтініш келіп түсті, олардың ішінде жалпы сомасы 9,5 миллиардтан астам теңге құрайтын 1357 өтінішті оң шешуге қол жеткізілді», – деді Шығыс Қазақстан облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Динара Мұхамеджанова.

Оның айтуынша, әсіресе, жер қатынастары, мемлекеттік сатып алулар, салықтық қатынастар, монополиялар, бәсекелестік пен тариф құру, рұқсатнамалық рәсімдер мәселелері бойынша шағымдар жиі келіп түседі.

ӨКП  директорының орынбасары мәлімдегендей, Кәсіпкерлер палатасы кепілдікке босату түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту практикасын қолдану жөнінде бастама көтерген болатын. Бұған дейін аталған практика ШҚО-да қолданылған емес.

«Әрбір кәсіпкер өзін бизнес-ортада жайлы сезінуі маңызды. Барлығы ашық және әуре-сарсаңсыз болуы тиіс. Бизнесте кәсіпкерлер тап болатын проблемалар аз емес, және де көбінесе олармен күресу қолдарынан келе бермейді», – дейді  Динара Мұхамеджанова.  

Бизнеске көрсетілген нақты көмектің жарқын мысалы деп  «ВК Бекон» ЖШС-нің проблемасын атап өтуге болады.

2013 жылы Экология департаменті «ВК-Бекон» ЖШС-іне шошқа қиын топыраққа тастап, қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін 3 жылға 460 095 435 теңге көлемінде экологиялық залал ретінде айыппұл салды, және де өз кезегінде, салық органы қоршаған орта эмиссиясын төлемегені үшін 55 520 454 теңге есептеп берді.

«Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасы бойынша мәселе бірнеше рет облыс прокурорының қатысуымен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінде қаралды. Прокуратура кезекті сот отырысында кәсіпкерлерді қолдады және қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіріп берді. Апелляциялық инстанциядағы сот дәлелді шешім шығарды. Қорытындысында айыппұл сомасы бар болғаны 1 миллион теңгені құрады», – дей келе, Динара Мұхамеджанова мұндай оң нәтижелердің көп екенін айтты.

Оның айтуынша, Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша жан-жақты көмек көрсетуге дайын.

ӨКП директорының орынбасары сөзін жалғап, бүгінгі күнгі ең өзекті мәселе кәсіпорындармен мәміле жасау бойынша ҚҚС-ын алдын ала есептеу екендігін айтты, оларға қатысты жалған кәсіпкерлік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталмыш мәселе ШҚО-да айрықша бақылауда тұрғанын атап айту қажет. Контрагенттерге алдын ала есептеу сомасы 50 млрд. теңгені құрайды. Бұл ретте осы соманы кәсіпорындардың айналымынан алып тастау контрагенттердің банкротқа ұшырауына әкеп соғады, ол өңір бизнесінің 80%-ын құрайды.

«Мемлекеттік және құқыққорғау органдары ақша ауыстыру операцияларын анықтау бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Біздің көзқарасымыз бойынша, елдегі қазіргі экономикалық жағдаятты ескере келгенде, бұл жұмыс беймезгіл ұйымдастырылған деп санаймыз, мемлекеттік органдар тарапынан асыра сілтеушілік бар.  Біздің міндетіміз – осы жағдайда адал ниетті контрагенттерді қорғау болмақ», – деп түйіндеген Динара Мұхамеджанова, ӨКП-ның өтініштері бойынша қылмыстық істер қозғалғанын, лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылатынын айтты.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер