«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Еркін кәсіпкерлік ахуалы салтанат құруы тиіс

2016 жылғы 13 Маусым
- Ақмола облысы
10862 просмотров

ӨКП-ның құқықтық блогы 2,5 жылда басым бағыттар бойынша кәсіпкерлердің 1400-ден астам өтініштерін қарастырған

Олардың ішінде 1019 өтініш бизнесті қорғау бағыты бойынша түсіп, іс жүзінде әрбір екіншісі оң шешімін тапқан. Кәсіпкерлер үнемдеген қаражаттың жалпы сомасы – 167 миллион теңгеден асады. Баспасөз мәслихаты барысында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Валентина Геращенко осындай деректер келтірді.

Кәсіпкерлердің  жергілікті атқарушы билік органдарының құқыққа қайшы іс-әрекеттеріне жасаған шағымдарының дені – жер қатынастары саласына қатысты (жалға алу, нысаналы мақсатын өзгерту, жер учаскелерін жеке меншікке беру, субсидиялар беру, ЖК, ЖШС ашу кезіндегі проблемалар, банк несиелерін беру, кейінге шегеру және мерзімін ұзарту).

«Алайда, жер бойынша мәселе ең өзекті әрі күрделі болып қалып отыр, оның себебі егжей-тегжейлі жоспардың болмауы. Бұл көптеген кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергі туғызады, себебі құрылыс салуға жер учаскесін алудың не болмаса қолда бар жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертудің мүмкіндігі жоқ. Жер кодексінің 48 бабына сәйкес, жер учаскелерін сатып өткізу қазір тек аукциондарда ғана жүргізіледі, ал олар бізде, негізінен, облыс орталығында, тым сирек өтеді. Мысалы, Көкшетауда жыл басынан бері бір ғана конкурс өткен, ал Павлодар, Ақтөбе облыстарында жылына елуге жуық аукцион өткізіледі. Осыдан келіп бюджетке салықтардан және жер учаскелерін сатудан миллиондаған теңге түспей қалады», – деді Валентина Геращенко.

Тиімді инструменттердің бірі Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің жұмысы деуге болады. Оның қызмет еткен кезеңінде 14 отырыс өткізілді, 34 көкейтесті мәселе қаралды, 15-і оң шешілді. Үлкен серпін туғызған мәселенің бірі – жеткізілмеген электр энергиясы үшін 100% алдын ала төлемақы төлеудің күші жойылуы. Мәселелердің көпшілігі оңтайлы мерзімде, кейбіреулері – жыл бойы шешіледі. 

Айталық, таяуда ғана Көкшетау қаласы әуе компаниясының өтініші шешімін тапты. Азаматтық авиация комитетінің іс-әрекетінің нәтижесінде қалалық соттың өкімімен әуежайдың қызметі тоқтатылған, оған қосарлана үлкен әкімшілік айыппұл салынған еді. Палата заңгерлері жағдаятты талдаған соң, жекелеген заң бұзушылықтар барын анықтады. 

Көбінесе заңнамалық нормалардың қайшылығы, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін орындамауы, олардың мерзімі мен орындау тәртібін бұзуы салдарынан орын алатын әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі жұмыстың аясында осындай 80 дерек айқындалды.

Проблемалар тізіліміне: ірі қара мал бойынша субсидиялар беру, көлік, жарнамалық қызметтер және т.б. бойынша заңнамаларға 18 өзгерту мен толықтырулар жолданды. 

Валентины Геращенконың айтуынша, әкімшілік кедергілердің ең көбі тағы да сол жер қатынастары және сәулет саласында туындаған – 23 немесе 30,26% (егжей-тегжейлі жоспардың жоқтығы, мерзімдерді сақтамау), өзге жер мәселелері – 14 (18,42%), салық салу саласында – 10 (13,15%), энергетика – 4 (5,26), техникалық шарттар бойынша – (2,63%), АӨК – 3 (3,96%).

Әкімшілік кедергілерге байланысты мәселенің бәрін Палата сарапшылары мемлекеттік органдар өкілдері қатысатын іс-шаралар барысында көтеріп, айтып жүр. Өтініштердің ізін суытпай шешудің нәтижесі – 60%-ға жуықтайды.

2015 жылдың тамыз айында ӨКП кәсіпкерлердің проблемаларын шешу үшін жаңа әрі «ескі» сипат – дөңгелек үстелдер өткізуді енгізгенін айта кетелік. Осылайша, жанар-жағар май айналымы саласында, акцизделген кассалық бақылау аппараттарын енгізу, көлік тасымалы саласында қызмет жасайтын кәсіпкерлердің проблемалары қаралып, БАҚ-та кеңінен жарияланған болатын. Дөңгелек үстелдер барысында көтерілген мәселелер бойынша айтылған ұсыныстың барлығы Ұлттық палатаға, Қазақстан отын қауымдастығына, облыс әкімдігіне және басқа да жергілікті атқару органдарына жолданды.

Өңірлік палата сыртқы нарық субъектілерімен қарым-қатынаста да өзіндік әкімгер болып отыр. Мәселен, Бурабай ауданының кәсіпкері З.Велиев ҚР-ның резиденті емес «COMPANY «HAZARTURK LTD» компаниясынан (Әзірбайжан Республикасы, Сумгаит қаласы) берешегін қайтаруға байланысты көмек көрсетуді өтінді. Палата заңгерлері аталған кәсіпкерлік субъектілері арасында сыртқы экономикалық шарт жасалғанын анықтады. Қазақстандық кәсіпорын шетелдік серіктесіне астық өнімін жеткізген, ал соңғысы төлемақы жасауға әзірше асықпай отыр. Кәсіпорынға, сондай-ақ, әзірбайжандық Сауда-өнеркәсіп палатасының атына ӨКП сарапшылары тиісті сауал жолдады.

«Біздің басты мақсатымыз – кәсіпкерлікке еркін ахуал құру, яғни экономиканың өсімін және барлық деңгейдегі кәсіпкерлер санының артуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау. Сөйтіп, ақыр аяғында кәсіпкерліктің тұрақты сипат алуына және айрықша әлеуметтік орта құрылуына ықпал ету. Өзін де, отбасын да қамтамасыз ете алатын тұрғындар, жаңа жұмыс орындарын көбейтетін жаңа өндірістер, міне, біздің қызметіміздің стратегиялық мақсаты осындай», – деп түйіндеді брифинг соңында ӨКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімнің бастығы Расул Сыздықов.


Ұқсас жаңалықтар:

Бизнес үшін оңтайлы орта құру қажет
14 Маусым
2016
Шығыс Қазақстан облысы
Бизнеске тың серпін қажет
14 Маусым
2016
Маңғыстау облысы
Бүгінгі студент – ертеңгі шебер
13 Маусым
2016
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер