«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жоба туралы

ҚР Үкіметінің 2016 жыл 29 желтоқсандағы №919 Қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екінші бағыттың қаржылай емес қолдаудың операторы.

Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлік» атты екінші бағыты ауыл-аймақта кәсіпкерлікпен айналысуды ынталандырудың нақты құралы  және халықтың жұмыспен қамтылуы мәселесіндегі құрауыш ретінде жүзеге асырылады.  

«Бастау» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша жобаның мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықты кәсіпкерлікпен айналысуға тарту арқылы ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру. 

Кәсіпкерлік негіздерін оқуға қатысушылар – ауылдық елдімекендерде, аудан орталықтарында тұратын, жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген/тіркелмеген жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін іс жүргізіп отырған кәсіпкерлер (бизнесінің тіркелгеніне 3 жылдан аспауы керек).   

  «Бастау» жобасының жүзеге асу кезеңдері:

  • жобаға қатысу  үшін әлеуетті қатысушылар ӨКП филиалдары/жұмыспен қамту орталықтары, ауылдық округ/немесе елдімекен бөлімінің әкіміне барып, қатысуға өтінім жасайды;
  • жұмыспен қамту орталығымен жобаның мақсатты тобына (жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) сәйкес келуді мақұлдайды;
  • іріктеуден өту (кәсіпкерлік әлеуетті анықтау мақсатында әлеуетті қатысушыларды тестілеуден өткізу);
  • топтарда практикалық оқу және бизнес-жоспарларды жазу бойынша жекелеген консультациялар;
  • бизнес-жобаларды қорғау;
  • бизнес ашу (осы және басқа да Бағдарламалар, кепілдендіру, сонымен қатар жеке қаржыландыру бойынша шағын несиелендіру арқылы).

Оқу аяқталған соң қатысушылар қатысудағы белсенділік және бизнес-жобаны қорғауға байланысты екі түрлі сертификаттың  (қатысу туралы сертификат, оқуды аяқтау туралы сертификат) бірін алады. Аталған сертификаттар жылдық 6 пайызбен жеңілдікпен несие алу құқығын береді.  

  • Жоба аясында қатысушыларды оқыту қайтарымсыз негізде жүзеге асырылады.
  • Оқуға қатысушыларға 16 759 теңге көлемінде бір реттік шәкіртақы төленеді.
  • Қатысушылар сондай-ақ жобаларына 1 жыл бойы сүйемелдеуді пайдалана алады.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер