«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ОҚИ ЖҮРІП, ЖҰМЫС ІСТЕ!

2014 жылғы 01 Тамыз
- Шымкент қаласы
11137 просмотров

 

Оқытудың дуальді жүйесі бойынша оңтүстік қазақстандық 700 студент кәсіби білім алады. Дуальді оқытудың жол картасына сай, 2014-2016 жж. Оңтүстік Қазақстан облысында 2 мыңнан астам колледж студенті аталған бағдарлама бойынша білім алады. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы, өңірдегі колледжер мен өндірістік мекемелер арасында үшжақты 35 келісім құжат жасалған. Меморандумға сай, 17 колледждің 669 студенті оқи жүріп, 35 өндірістік мекемеде еңбек етеді. Колледж студенттері құрылыс, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп пен туризм, байланыс, көлік салалары бойынша 18 мамандық түріне бейімделеді.

БЕРІК КЕНЖЕБАЕВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы:  

"Біз Шымкент қаласының колледждеріндегі мамандықтарға сараптама жүргізіп көрдік. Байқап отырсақ, көбінде қаржы саласы мамандары, банкир, экономистер мен басқа да әлеуметтік-гуманитарлық салаға бағытталған мамандықтар жиі кездесетінін айту керек. Мұндай мамандық иелерін қазір жұмыс таба алмай жүр. Есесіне, біздің өңірде текстиль саласы, агроөнеркәсіптік кешенге мамандар жетпей сараптама жұмыстарынан соң, кейбір колледж басшылары, оқу орны даярлайтын мамандықтардың түрін өзгертті. Айталық, №5 колледж студенттерді жеңіл өнеркәсіп саласына аса қат болып отырған тігінші және тоқымашы мамандығына оқытуды бастамақ".    

 

МҮДДЕЛЕР ТОҒЫСУЫ МҮМКІНДІКТІ АРТТЫРАДЫ

РАХАТ БАЙЗАКОВ, «Казмедприбор» ЖШС президенті:

"Биылдан бастап дуальді оқыту жол картасына қатысып отырмыз. Күні бүгін өңірдегі колледжде білім алып жатқан 25 студент бізде еңбек етуде. Біз Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және №2 колледжбен келісім жасастық. Шынына келгенде, бұл жұмыс ортақ мүдде үшін жасалып отыр. Біздің мекеме медициналық құрал-жабдықтар дайындайды. Өздеріңіз білесіздер, бұл істе жоғары жауаптылық, асқан шеберлік қажет. Расы керек, кейде шебер ұсталар, дәнекерлеуші мамандар таппай қаламыз. Енді міне, шеберлерді өзіміз дайындайтын мүмкіндік алып отырмыз. Бізде тәжірибелі азаматтар көп. Ал, бүгінгі жас мамандар сала майталмандарынан тәжірибе алса, олардың ісін жалғастырса, жаман ба?! Сондықтан, біз бұл іске қуана кірістік".       

ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ ҰШТАСТЫҒЫ

Бұл жүйенің негізгі артықшылығы - студенттің білім ала жүріп, еңбек етуі. Яки, диплом алған кезде дайын маман болып шыға келеді. 

Дуальді оқыту әлемдік тәжірибеде бар. Бұл әдіс  Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция, Англия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған мемлекеттерде жүзеге асуда.

Мысалы, Германияда кәсіптік мектеп оқушысы бір аптаның 3 күнінде өндірісте, ал қалған 2 күнде оқу орындарында теориялық білім алады.

Атап өткен жөн, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Білім және Ғылым министрлігі бірлесе түзген «Дуальді оқытудың жол картасы» негізінде еліміздегі 173 колледж базасында 10 мыңнан астам маман дайындау жопарланып отыр. Атап айтқанда, азаматтарды 83 мамандық түрі бойынша 11 салаға қажетті қызмет түріне бейімдеу көзделген.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 8363 мекемеге сауалнама жүргізіп, 2019 жылға дейін қай мекемеге қандай мамандықтар қажет екенін анықтаған болатын. Дуальді оқытудың жол картасы негізінде 2014-2016 жылдары 400-ге жуық мекемеге қажетті кәсіби мамандар даярланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер