«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстанда жаңа мектеп мәзірі бекітілді

2025 жылғы 09 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
402 просмотров

Бірнеше айлық талқылаулардан, түзетулерден және келісулерден кейін Шығыс Қазақстан облысында 2025-2026 оқу жылының қыс-көктем / жаз–күз маусымына оқушыларға арналған жаңа перспективалы төрт апталық мәзір ресми түрде бекітілді. Құжат ШҚО денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген.
Мәзірді қабылдаудың алдында ұзақ және күрделі процесс болды: кәсіпкерлер, азық-түлік қызметтерінің операторлары, ата-аналар қауымдастығының өкілдері бұрынғы мәзір мен ережелер арасындағы сәйкессіздік, тағамды қосу жиілігін қайта қарау қажеттілігі және ас мәзірін қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес келтіру қажеттілігі туралы сұрақтарды бірнеше рет көтерді.
Тұз, қант және сүт өнімдеріне қойылатын талаптардың өзгеруіне, сондай-ақ әртүрлі маусымдардағы тағам мөллщерінің теңгерімділігіне байланысты ерекше қиындықтар туындады.
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әзірленген ас мәзірі ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығының талаптарына және жаңа санитарлық ережелерге толығымен сәйкес келеді.
Мәзірде барлық өнімдік топтарды — ет, балық, сүт, көкөніс, дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдастар және жеміс-жидектерді енгізу жиілігі сақталған. Жаңа піскен жемістер мен көкөністердің ұсынылған нормалары да толық орындалған. Ұсақ түзетулер (мысалы, какаоның шайға ауыстырылуы немесе салаттардағы сүттің бір бөлігінің ірімшікпен алмастырылуы) тағамдардың қоректік құндылығына әсер етпейді.
Түскі астың энергетикалық құндылығы да норма шегінде - әр түрлі жастағы балалардың тәуліктік қажеттілігінің 25-30%.
Тұз бен қанттың мөлшері мектептегі тамақтанудың жаңа стандартына сәйкес келетіндігі бөлек атап өтілді.
ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айжан Жәңгірханова мәзірді бекіту бірлескен және қиын жұмыстың нәтижесі болғанын атап өтті.


«Бұл шынымен де үлкен жетістік. Біз көптеген ескертулерден, талқылаулардан және бюрократиялық келісімдерден өттік. Бизнес, ата-аналар мен мемлекеттік органдар әрқашан келісе бермейтін, бірақ біз жалпы, теңдестірілген және нормаларға толық сәйкес келетін құжатты әзірлей алдық. Енді тамақтану операторлары тыныш жұмыс істей алады, ал балалар сапалы әрі пайдалы түскі ас ала алады», - деп атап өтті Айжан Жәңгірханова.


Тамақтандыру кәсіпкерлері қауымдастығының төрайымы Малина Лаптева мәзірдің бекітілуі бірнеше ай бойы жиналған шиеленісті шешкенін атап өтті.


«Тамақтандыру операторлары үшін бұл ұзақ уақыт бойы нағыз сынақ болды. Талаптар өзгеріп отырды, әр тармақ бойынша түзетулер енгізуге тура келді. Бүгін біз нақты, түсінікті және бекітілген құжат алдық. Бұл асханалардың жұмысын тұрақтандыруға, шикізат сатып алуды жоспарлауға және оқушыларға толыққанды тамақтануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы процеске қатысқан барлық жандарға алғыс айтамыз», - деді Малина Лаптева.


Жаңа мәзірдің бекітілуі өңір үшін маңызды қадам болды. Енді ШҚО санитарлық талаптарға сәйкес келетін, өнімдердің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін және мектептердің тамақтануын тұрақты әрі болжамды режимде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін бірыңғай құжатқа ие.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174