«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

"Атамекенде" Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған Wildberries бағдарламасы таныстырылды

2025 жылғы 01 Желтоқсан
647 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «РВБ» ЖШҚ (Wildberries) бірлесіп, электрондық сауда саласындағы жергілікті брендтерді дамыту мен кеңейтуге бағытталған бизнесті қолдаудың жаңа жобасы – «Өсу платформасы» бағдарламасының онлайн-презентациясын өткізді.

Кездесу барысында WB мамандары бағдарламаның негізгі мүмкіндіктерін таныстырды. Бұл бағдарлама Ресей, Беларусь және Өзбекстанда сәтті іске асырылып, 800-ден аса брендті біріктіріп отыр. Компания өкілдерінің айтуынша, жоба – маркетплейсте жұмыс істейтін өндірушілер мен кәсіпкерлерге арналған кешенді қолдау жүйесі.

Бағдарлама аясында ұсынылатын қолдау шаралары:

- платформамен жұмыс істеуге оқыту;

- бекітілген куратордың кәсіпорын дамуын тұрақты сүйемелдеуі;

- жұмыстың барлық кезеңдерінде қолдау;

- тауарларды маркетплейсте ілгерілетуге көмек көрсету.

WB ұсынған деректерге сәйкес, жобаның 7 айдағы орташа нәтижелері:

- кәсіпкерлердің жалпы айналымы (жобаға қосылған сәттен бастап) 6 010,7 млн рубльге жеткен;

- жарнама тиімділігі 2 есе артқан;

- сатылым 1,7 есе, ал тапсырыстар саны 7 есе өсті;

- Wildberries платформасында тұтынушылардың брендтерге берген бағассы 4,2-ден 4,8-ге дейін көтерілген.

Қазақстанда «Өсу платформасы» бағдарламасын іске қосу 2025 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.

Жобаны жүзеге асыру отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, электрондық сауданың дамуына, маркетплейстегі жергілікті брендтердің үлесін көбейтуге және қазақстандық тауарлардың экспорттық әлеуетін кеңейтуге өз үлесін қосады деп күтілуде.

Компания аталмыш бағдарламаны кәсіпкерлер арасында ілгерілету және ШОБ-ты цифрлық сауда мен халықаралық e-commerce арналарына тарту бойынша бірлескен жұмыс жүргізу мақсатында «Атамекен» ҰКП-ға серіктестік жөнінде ұсыныс білдірді.

Аталмыш бағдарламаға қатысты барлық сұрақтар бойынша Сауда департаментіне хабарласуға болады: +7 7172 919 352.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174