«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

КӘСІПКЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

2025 жылғы 29 Қазан
- Ұлытау облысы
270 просмотров

 

Облыс әкімдігінде жаңа мереке – Кәсіпкер күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ: дәл 2015 жылдың 29 қазанында Қазақстанның Кәсіпкерлік кодексі қабылданған болатын. Ол қазіргі заманғы бизнес саясатының негізіне айналды.

Биылғы жылдың 1 қыркүйегіндегі дерек бойынша, елімізде 2,17 миллион шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға көп. Экономикадағы МСБ секторының үлесі 38,6%-ға дейін өсті, ал өнім өндіру көлемі 11,4%-ға артып, 18,7 трлн теңгеге жетті.

Тәуелсіз «Іскерлік климат» рейтингі қорытындысы бойынша, Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдайлар жөнінен көшбасшы өңір ретінде танылды.

Мереке қарсаңында кәсіпкерлер мемлекеттік марапаттармен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрмет грамоталарымен марапатталды. Олар жергілікті өнім өндіру, халық тұтынатын тауарлар шығару, білім беру қызметтері сияқты түрлі салаларда еңбек етіп жүрген кәсіп иелері. Сонымен қатар «Қазақстанның үздік тауары» және «Бір ауыл – бір өнім» облыстық байқауларының жеңімпаздары да назардан тыс қалған жоқ.

Марапат иегерлері қатарында:
«Ютария LTD» ЖШС, «Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС, «Рудсервис К» ЖШС, «Венталекс» ЖШС, «Дүзен Групп» ЖШС, «Промтестплюс» ЖШС, «Казтехфильтр» ЖШС, «Жезтемір Бетон-2» ЖШС, «ULY DALA CO» ЖШС, «Сәтбаев минералды және жеміс сулар зауыты» ЖШС, «Мүгедектер ұйымы TAZA ALEM BEREKE» ЖШС.

Айта кету керек, марапатталғандар қатарында Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері де бар.
Атап айтқанда, тауарлардың шығу тегін сертификаттау жөніндегі маман Светлана Твердая «Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Жаңаарқа ауданы кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Бекболат Жарылғапов «Іске адалдығы үшін» медалімен марапатталды.
Ал шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің 1-санатты сарапшысы Жанар Қоқанова Құрмет грамотасына ие болды.

– Бүгінде кәсіпкерлер қоғамның дамуына зор үлес қосып келеді: олар жұмыс орындарын ашып, салық төлеп, еліміздің экономикалық дамуының қозғаушы күшіне айналды. Сіздерге мықты денсаулық, табыс пен береке тілеймін, – деді облыс әкімі Дастан Рыспеков кәсіпкерлерді құттықтау барысында.

Мерекелік құттықтауларды облыс әкімінің орынбасары Жанибек Нүпіров пен Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова жалғастырып, бизнес өкілдерінің өңірдің өркендеуіне қосқан маңызды үлесін атап өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174