«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түлкібаста RC COLA брендімен «BEIBARS BOTTLERS» сусын өндіретін заманауи зауыт іске қосылды

2025 жылғы 10 Қазан
- Түркістан облысы
131 просмотров

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында RC Cola брендімен жұмыс істейтін «Beibars Bottlers» заманауи сусын өндіру зауыты іске қосылды.

Жобаға шамамен 9 млрд теңге инвестиция салынды. Кәсіпорын жылына 120 мың тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы.
Зауыт:
    •    100 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр;
    •    170 метр тереңдіктен алынған суды көпсатылы жүйемен тазарту арқылы халықаралық стандарттарға сай өнім өндіреді;
    •    неміс және италиялық технологияларға негізделген желілермен жабдықталған;
    •    өнімдері Қазақстанмен қатар Орталық Азия нарығына экспортталмақ.

Инфрақұрылымдық қолдау аясында:
    •    6 140 метрлік электр желісі мен қосалқы станция (705 млн тг),
    •    газ құбыры (25 млн тг),
    •    кәріз жүйесі мен тазарту қондырғылары (240 млн тг) салынды.

«Бұл жоба – ауданымыздың инвестициялық тартымдылығының нақты дәлелі. Ең бастысы – жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен ауыл экономикасына серпін беру. Палата тарапынан инвесторларға барлық қажетті кеңес пен сүйемелдеу көрсетілді. Алдағы уақытта да кәсіпкерлікті дамыту бағытында осындай табысты жобаларға қолдау көрсетуге дайынбыз»,- деді Түлкібас аудандық Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Асылболатов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174