«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Теміртауда жұмысшы мамандықтарын даярлау мәселелері талқыланды

2025 жылғы 03 Қазан
- Қарағанды облысы
126 просмотров

Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Теміртау жоғары политехникалық колледжі базасында «Өңір болашағы: жұмысшы мамандықтары, білім беру мекемелерін коммерцияландыру және серіктестік – тұрақты дамудың кілті» тақырыбында отырыс өтті.

Іс-шараны Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей ашып, жұмысшы мамандықтарының аймақ экономикасы үшін маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Дулат Жекебаев та баяндама жасап, мәселенің маңызды тұстарына тоқталды. Ол болашақ индустрия үшін кадрлар даярлаудың қажеттігін және бизнестің бұл үрдіске белсенді қатысуы керек екенін атап өтті.

Отырыста Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов, жұмысшы мамандықтарыэкономиканың іргетасы әрі өнеркәсіптік дамудың негізі екенін айтты. Оның айтуынша, бизнес бүгін тек теориялық білімге емес, сонымен қатар практикалық дағдыға ие түлектерге мүдделі. Ол Палата тарапынан дуальды оқытуды дамыту мен білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар арасындағы әріптестікті кеңейту жүйелі түрде қолдау табатынын ерекше атап өтті. Себебі, дәл осы формат өндірістік процеске бірден кірісуге қабілетті сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, өз бастамаларымен Қарағанды тамақтану және сервис колледжінің директоры Құралай Абенова, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің директоры Жанар Рахимова және Tengri Tyres ЖШС директоры А.Байсеитов бөлісті. Спикерлер колледждерді коммерцияландыру және жаңа моделге көшу, дуальды оқытудың болашағы, бизнеспен әлеуметтік серіктестік және кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары арасындағы тиімді өзара іс-қимыл мысалдары туралы айтты.

Отырыстың қорытындысы бойынша кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсынымдар қамтылған қарар қабылданды. Іс-шара жұмысшы мамандықтарының дамуына және білім мен бизнестің серіктестігін нығайтуға үлес қосқан қатысушыларды марапаттау рәсімімен аяқталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174