Шекарасыз ынтымақтастық: Абай облысы мен Омбы облысы экономикалық және ивестициялық байланысты нығайтуда
Абай облысы мен Ресей Федерациясының Омбы облысы арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдету мақсатында маңызды кездесу өтті. Бұл жиынға Абай облысының Кәсіпкерлер палатасы қатысып, Палата директоры М.А. Сүйчинов жиындағы ынтымақтастық туралы маңызды келісімнің біріне қол қойды.
Аталмыш кездесуге Абай облысы әкімінің орынбасары С.Т. Төленбергенов пен Омбы облысы Үкіметі төрағасының орынбасары А.В. Шпиленко қатысты. Жиын барысында екі облыстың экономикалық, өндірістік әлеуеті таныстырылып, өнеркәсіп, жастар саясаты, туризм, ауыл шаруашылығы сынды тағы да басқа салалардың екі өңірдегі даму мүмкіндіктері туралы баяндама жасалды. Бұл орайда Абай облысының Кәсіпкерлер палатасы тарапынан шекаралас өңірлер арасындағы іскерлік байланысты нығайту мен кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылды.
Маңызды іс-шара соңында Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен Омбы облысының Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасында өнеркәсіп саласындағы әріптестік туралы келісім жасалды.
Сонымен қатар Абай облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры М.А. Сүйчинов пен Омбы облысының Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті О.П. Федулова өзара ынтымақтастық туралы маңызды меморандумға қол қойды. Бұл келісім екі өңір кәсіпкерлері үшін сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және шекара маңындағы кооперацияны жандандыруға кең мүмкіндік береді.
Қол қою рәсімінен кейін Омбы облысының Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті О.П. Федуловамен жеке кездесуде Абай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры М.А. Сүйчинов қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру үшін нақты қадамдар жасап, өңір кәсіпкерлерін жаңа нарықтарға шығару және жаңа әріптестермен ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмысты белсенді түрде жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: