«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Туризм саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

2025 жылғы 02 Маусым
- Түркістан облысы
585 просмотров

Бүгін Туризм жөніндегі салалық кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға «Атамекен» ҰКП Туризм департаменті, ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және өзге де мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Отырыста Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласындағы кеңестердің атқарған жұмыстары мен өзекті мәселелері тыңдалды.

Түркістан облысы бойынша кеңес төрағасы Диас Халкулов баяндама жасап, туристерге қызмет көрсететін нысандардағы электр энергиясының қымбат тарифтері туралы мәселе көтерді. Сонымен қатар, саладағы мемлекеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізу жөнінде нақты ұсыныстар жолданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер