Акихиса Харагучи Қызылордалық омарташылармен кездесті
21 мамырда Қырғызстандағы JICA “Бір ауыл Бір өнім” жобасының жетекшісі Акихиса Харагучи Сыр еліне келді. Басты мақсат аймақтағы бал өндірісімен айналысатын омарташылармен кездесіп, өнімдерімен танысу.
Алдымен қонақтар Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына келіп, Қызылордалық омарташылармен кездесті.
Сонымен бірге, кездесуге ҚР “Атамекен” ҰКП Жұмыспен қамту мен шағын және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту департаментінің директоры Гулия Жунисова, департамент маркетологы Анель Нугманова, брендинг бойынша кеңесшісі Ермек Дүйсенханов, өңірлік палата директоры Пірмұхаммед Сыздық пен палата қызметкерлері қатысты.
Жиынға қатысушы омарташылар өз кәсіптерінің қыр-сырымен бөліскен соң Харагучи сан өзінің арнайы құрылғыларының көмегімен олардың өнімдерінің сапасын тексерді.
Әрі қарай “Бір ауыл - Бір өнім” жобасының жетекшілері ауылдық елді-мекендердегі бал өндірісімен айналысатын кәсіпкерлердің ара шаруашылығына барды.
Алдымен “Бір ауыл Бір өнім” жобасының 2023 жылғы жеңімпазы Эльмира Төретаеваның ара шаруашылығына барып, Ара аналықтарының жұмысымен және бал өндіру технологиясымен сондай-ақ жоба жеңімпазы ретінде жеңіп алған грант қаражатына алынған техникаларымен танысты.
Сонан соң, делегация жеке кәсіпкер Біржан Қалмырзаның және Сырдария ауданы Шаған ауылындағы жеке тұлға Төребек Дүйсеновтың ара шаруашылығындағы бал өндірісімен, технологиясымен танысты.
Ендігі кезекте барлық ара шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер өз өнімдерінің сапасын арттырып, Жапония және тағы басқа елдерге экспортқа шығып, Сыр елі кәсіпкерлігінің әлеуетін арттыра алады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: