«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан жазғы маусым қарсаңында: Аймақтық әуежайлардағы инфрақұрылымдық мәселелер шешіле ме?

2025 жылғы 16 Мамыр
1199 просмотров

Қазақстанда жазғы туристік маусым қарсаңында курорттық бағыттар бойынша ұшу бағдарламасының бұзылу қаупі тағы көтерілді. Субсидияланатын рейстерге тендердің уақтылы өткізіліп, келісім-шарттар жасалғанына қарамастан, әуежайлардағы жанар-жағармай құю бекеттерімен қамтамасыз етудегі мәселелер бағыттардың іске қосылу кестесін кешіктіру қаупін туғызады.

Еске салайық, бұған дейін Азаматтық авиация Комитеті Қазақстандағы 26 әуе бағытына 2025 жылға арналған субсидияларды мақұлдаған болатын. Ол жазда Алакөл және Балқаш көлдерінің танымал курорттық аймақтарына рейстердің қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс болатын. Байқау аясында аталған бағыттарға тасымалдаушы ретінде 50 орындық CRJ-200 ұшағы бар SCAT авиакомпаниясы таңдалды. Алайда, «Атамекен» ҚР ҰКП отырысында белгілі болғандай, бүгінде бірқатар өңірлік әуежайларды жанар-жағармай құю бекеттерімен қамтамасыз етуде проблемалар бар.

Осылайша Үржар әуежайында 2022 жылы қайта құру кезінде жанармай қоймасы орнатылғанымен, ол бірде-бір рет іске қосылмаған. Қазір жергілікті билік жанар-жағармай құю кешенін сынақтан өткізуде және жақын арада нысанды іске қосуға уәде беріп отыр. Үшарал және Балқаш қалаларының әуежайларында жанар-жағармай құю инфрақұрылымына қатысты да ескертулер тіркелді. Сонымен қатар, қазір Балқаш қаласында әуежай терминалының құрылысы жүріп жатыр. Балқаш қаласындағы мәселені көрші облыстан жанармай құю бекетін жалға алу арқылы шешу жоспарлануда. Үшаралда олқылықтарды жою жұмыстары жүргізілуде, бірақ мерзімдер сұрақ болып тұр.

Сонымен қатар, әуе қатынасындағы тәуекелдерді ескере отырып, негізгі туристік бағыттармен тұрақты көлік байланысын қамтамасыз ететін теміржол көлігі әлі де балама болып табылады. «Қазақстан темір жолының» мәліметінше, ағымдағы маусымда Алакөлге 11 темір жол бағыты, оның ішінде Алматы мен Астанадан үш «Тальго» пойызы қатынайды.

Сонымен қатар, Алакөл жағасында демалуға халықтың сұранысы жоғары болғандықтан, Қызылорда мен Павлодардан жаңа теміржол бағыттары іске қосылды.

Өткен жылғы тәуекелдердің қайталанбауы үшін жауапты органдар әуежайдың дайындығы мәселелерін жедел шешу қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер