«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлытау облысында өсімдік шаруашылығын оқыту басталды

2025 жылғы 29 Сәуір
- Ұлытау облысы
82 просмотров

«Кәсіпке бағыт» бағдарламасы аясында Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының Жаңаарқа аудандық филиалы базасында «Өсімдік шаруашылығы» бойынша оқыту өтті.  

Аталған салада білім алу азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл шаруашылығы мен аграрлық сектордың тұрақты дамуына да ықпал етеді.  
Оқытуды «Мирас» ЖК басшысы Төлеген Жаманов жүргізді.  
Дәріс барысында қатысушылар теориялық бөлімде егіншілік негіздері, топырақтану, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру тақырыптары бойынша мағлұмат алды. Ал практикалық тапсырмаларда зиянкестермен күрес және топырақты егіске дайындау мәселелері қарастырылды. 
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер