«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Гранттар, заң және алаяқтар: Түркістанда маңызды жиын өтті

2025 жылғы 25 Сәуір
- Түркістан облысы
188 просмотров

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының ғимаратында қылмыстық құқық бұзушылықтар және өзге де заң бұзушылықтарға ықпал ететін мән-жайларды жоюға арналған іс-шара өтті. Кездесуді ұйымдастырған — Түркістан қалалық Полиция басқармасы мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы.

Жиынға жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіпкерлер, сондай-ақ мемлекеттік басқарма өкілдері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты — кәсіпкерлер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң бұзуға итермелейтін факторларды жою және кәсіпкерлік қызметті заң аясында дамытуға қолдау көрсету.

Іс-шараны Палата директорының орынбасары Зухра Амирова ашты. Одан кейін Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Каримбаев кіріспе сөз сөйледі. Ол кәсіпкерлер құқығын қорғаудың маңыздылығын және құқық бұзушылықтарды болдырмаудың жүйелі жолдарын атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік грант қаражатына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар мен басқа да заң бұзушылықтардың жасауына ықпал ететін мән-жайларды алдын алу, жою мақсатында Мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант қаражатын беретін органдарға яғни, облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен ауқымды түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін хат немесе ұсыным енгізу керектігі жөнінде өз ұсынысын жеткізді.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің өкілдері құқық бұзушылыққа себеп болатын негізгі факторлар мен оларды жоюға бағытталған шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар, облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар туралы ақпарат беріп, олардың рәсімделу тәртібін түсіндірді.

Жиын аясында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының атын жамылып жасалатын түрлі алаяқтық әрекеттердің алдын алу бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға Палатаның ешкімге ақшалай грант таратпайтыны, мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз қаражатқа Палатаның қатысы жоқ екені ескертілді. Мұндай алаяқтық әрекеттерге алданып қалмау үшін кәсіпкерлерге ресми ақпарат көздеріне ғана сену қажеттігі айтылды.

Нәтижесінде қатысушылар өзара пікір алмасып, құқық бұзушылықтың алдын алу мен кәсіпкерлік ортада заңдылықты нығайтуға бағытталған нақты ұсыныстар жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер