«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда Өңірлік кеңес мүшелерінің сайлауы жалғасуда

2025 жылғы 28 Қаңтар
- Түркістан облысы
652 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кеңес мүшелерінің сайлауы жалғасуда


Сайлаудың екінші күні Сауда және қызмет көрсету жөніндегі салалық кеңесі, Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі бойынша салалық кеңесі, Білім беруді және медицинаны дамыту салалық кеңестерінің мүшелері жәнеде Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Сауран, Созақ аудандары кеңестерінің мүшелері дауыс берді.


Сайлау барысын өңірлік сайлау комиссиясы бақылап отырады.  Комиссия мүшелері сайлаудың ашық өтіп жатқанын айтады.


Сауда және қызмет көрсету жөніндегі салалық кеңесінен көпшіліктің дауыс беру нәтижесінде Өңірлік кеңес мүшесіне «Қуаныш» ЖШС директоры Инара Намазбаева сайланды.


Дауыс беру рәсімі аяқталған соң өңірлік сайлау комиссиясы нәтижелерді санады. Қорытындысында, көпшіліктің қолдауымен Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі бойынша салалық кеңесінен «BNK Group ltd» құрылтайшысы Ниязали Бейсенбаев Өңірлік кеңес мүшесі болып бекітілді. 

Білім беруді және медицинаны дамыту салалық кеңесінен көпшіліктің таңдауы бойынша Өңірлік кеңес мүшесіне Дильдар Хабибова сайланды.


Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы Ордабасы аудандық филиалының кәсіпкерлер кеңесінен Өңірлік кеңес мүшесі болып Мадина Ислам бекітілді. Отырар аудандық филиалының кәсіпкерлер кеңесінен Өңірлік кеңес мүшесі болып Әділжан Куртаев сайланды. Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы Сайрам аудандық филиалының кәсіпкерлер кеңесінен Өңірлік кеңес мүшесі болып Сұлтан Кушенов бекітілді. Сарыағаш аудандық филиалының кәсіпкерлер кеңесінен Өңірлік кеңес мүшесі болып Алмас Салимов сайланды. Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы Сауран аудандық филиалының кәсіпкерлер кеңесінен Өңірлік кеңес мүшесі болып Ғалымжан Пернешов бекітілді. Созақ аудандық филиалының кәсіпкерлер кеңесінен Өңірлік кеңес мүшесі болып Бегімбет Байғараев сайланды.


Айта кетейік, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының жанындағы Өңірлік кеңеске  23 адам сайланады. 2024 жылдың 17 желтоқсанынан 31 желтоқсанға дейін жалғасқан үміткерлерді тіркеу кезеңінде құжаттар тапсырылып, 42 кандидат тіркелді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер