«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақмола облысында Өңірлік кеңес қызметінің қорытындысы мен сайлау бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды

2024 жылғы 26 Желтоқсан
- Ақмола облысы
624 просмотров

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында биылғы өңірлік кеңестің қорытынды отырысы өтті. Регсоветке сайлау қорытындысы шығарылды, сондай-ақ оның өткен төрт жылдағы қызметі талқыланды.

23-25 желтоқсанда Ақмола облысында Өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне сайлау өтті. Биыл сайлау өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілгені белгілі. Енді Өңірлік кеңеске салалық және аудандық кеңестердің, сондай-ақ ӨКП-да аккредиттелген туристік қауымдастықтың өкілдері кіреді.

Сайлауды аудандық және салалық кеңес мүшелері тікелей дауыс беру арқылы өткізді. Сайлауды ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы өткізу туралы шешім аудандық немесе салалық кеңестің отырысында іс жүзінде қабылданды. Аудандық, салалық кеңестер, қауымдастық өкілдерінен 34 өтінім жиналды. ӨКП жанынан бүгінде 19 аудандық, 7 салалық кеңес, сондай-ақ туризм қауымдастығы жұмыс істейді.

Отырыс барысында Өңірлік кеңестің өткен төрт жылдағы жұмысының қорытындысы шығарылды.

«Бизнестің жүзден астам мәселесі осы шақырылымда қаралды. 2020 жылы құрылған Өңірлік кеңес қиындықтарға толы күрделі кезеңдерде шақырылуымен ерекшеленеді. Пандемия, геосаяси факторлар, заңнамадағы өзгерістер, жедел және дұрыс шешімдер қабылдау қажеттілігі орын алды. Біздің бірлігіміз бізге көптеген оқиғаның шыңында болуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті Өңірлік кеңестің төрағасы Қуаныш Рақышев.

Отырысқа онлайн қатысқан «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков Өңірлік кеңес мүшелеріне атқарылған жұмысы үшін алғысын білдірді.


«Бұл кеңес құрамын алтын деп атауға болады. Сіздердің әрқайсыңыз қолдан келгенше үлес қостыңыз, тек өңір үшін ғана емес, бүкіл ел үшін ең қиын жылдары белсенді болдыңыз. «Атамекен» әрдайым кәсіпкерлердің мүддесін қорғауда, түйткілді мәселелер туындаған кезде, бизнесті дамыту бойынша белгілі бір ұсыныстар болған кезде жанынан табылады», - деп атап өтті Тимур Нақыпбеков.


Сондай-ақ, спикер пилоттық жоба аясында бұрын Ақмола облысында құрылған салалық кеңестер рөлінің артқанын атап өтті. Бүгінгі таңда мұндай кеңестер бүкіл ел бойынша өңірлік палаталарда сәтті жұмыс істеп жатыр. Салалық және аудандық кеңестерден делегаттардың Өңірлік кеңестерге қатысуы оның тиімділігін одан әрі күшейтеді.
Аралық қорытындыға сәйкес өңірлік кеңестің құрамы 55%-ға жаңартылды. Қорытынды нәтиже «Атамекен» ҚР ҰКП сайлау комиссиясының қарауы аяқталғаннан кейін жарияланады.

Кездесу соңында Өңірлік кеңестің барлық мүшесі «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың атынан алғыс хаттармен марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер