«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірлік кеңес мүшелерін сайлау тәртібі түсіндірілді

2024 жылғы 17 Желтоқсан
- Түркістан облысы
157 просмотров

Өңірлік кеңес – кәсіпкерлер мүддесін қорғайтын негізгі орган.

Бүгін Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында Салалық және аудандық/қалалық кәсіпкерлер кеңестерінің мүшелеріне Өңірлік кеңес мүшелерін сайлау тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Ауелбеков Өңірлік кеңеске сайлаудың жаңа тәртібін таныстырды.

Негізгі өзгерістер:
    •    Кеңес құрамы салалық және аудандық кеңес мүшелері арқылы қалыптасады.
    •    Әр кеңестен бір делегат ұсынылып, ең көп дауыс жинаған кандидат өтеді
    •    Кеңес жаңа құрамы 23 мүшеден тұрады.
    •    Үміткер құжаттары 18-31 желтоқсан аралығында қабылданады.
    •    Агитация: 5-25 қаңтар.
    •    Сайлау: 27-29 қаңтар.

2025 жылғы 27-29 қаңтарда Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік Кеңесіне делегаттарды (мүшелерді) сайлау өтеді.
Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 18 желтоқсан мен 31 желтоқсан (қоса алғанда) аралығында жүзеге асырылады. Құжаттарды офлайн режимінде мына мекен-жай бойынша тапсыруға болады: Түркістан қ., к. Қожанов көшесі, 42, Кәсіпкерлер Палатасы.
Кандидаттар салалық және аудандық кеңестердің мүшелері қатарынан, сондай-ақ ӨКП-да аккредиттелген өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен қауымдастықтардың алқалы органының бірінші басшылары не мүшелері қатарынан сайланатын болады.


Өңірлік кеңес мүшелігіне Кандидат мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
•    Қазақстан Республикасының азаматы болу;
•    Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген қауымдастықтың салалық немесе аудандық кеңесінің мүшесі не атқарушы органының мүшесі болу;
•    соңғы 3 айда салық берешегі жоқ;
•    заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ.

Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидатты тіркеу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) жеке кәсіпкердің, кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік субъектісінің
бірінші басшысын не атқарушы органының мүшелерін немесе акционерді
немесе қатысушыны осы Қағидаларға №1 қосымшаға сәйкес, нысан бойынша
Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттың (сала санатын көрсете отырып) ұсынуы
туралы өтініші;
көшірмесі (бар болса);
2) кәсіпкерлік субъектісі жарғысының және/немесе құрылтай шартының
3) кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын
құжат;
4) кандидаттың түйіндемесі немесе өмірбаяндық деректер;
5) атқарушы органның мүшесі ретінде кандидаттың лауазымын
растайтын құжат (акционерлік қоғамдар немесе жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктер үшін);
6) кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;
7) есепке алуды мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін салық
берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы белгіленген нысандағы, беру мерзімі үш
айдан аспайтын анықтама;
8) кәсіпкерлік субъектісінің қатысушылары туралы белгіленген
нысандағы анықтама (тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы
анықтама не бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісінен анықтама (тек
акционерлік қоғамдар үшін);
9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама.


Толығырақ ақпарат алу үшін 1432 колл-орталығына немесе 8 (72533) 5-98-98 Жанель Қайратқызы, Әзірет Талғатұлына хабарласуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер