«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Адами және шығармашылық потенциал капиталға айналу керек

2024 жылғы 15 Қазан
- Алматы қаласы
2918 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласының «Атамекен» палатасының жанынан креативті индустрия және ІТ салалық кеңесі жұмысын бастады.

Креативті индустриялар және ІТ кеңесі қызметін жергілікті билік органдары мен бизнес-құрылымдармен белсенді жүргізеді. Бұл ынтымақтастық қарым-қатынас мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, барлық тараптардың мүдделерін ескеретін болады. Сондай-ақ, Кеңес жұмысы инвестициялық ахуалды жақсартуға, мемлекет пен жеке меншік секторының қарым-қатынасын серіктестік негізінде құруға себепкер болады.

«Креативті индустрияны бизнес тарапынан қарастырса, ол ғылыми, креативті, шығармашылық потенциалды кәсіпкерлікке айналдыра білу. Біздің қаламызда ғылыми институттар, шығармашылық лабораториялар, ІТ орталықтары мен т.б. ұйымдар көп шоғырланған. Бұл тұрғыда  біз әрбір бағдарлама мен қолдауға арналған жүйелерге сараптамалық көзқараспен қарағымыз  келеді.  Әрбір кеңеске әкімшілендіру жасайтын белгілі адамдар бекітіледі. Сонымен қатар, Палатаның әкімдік пен сала бойынша қарайтын министрліктермен тұрақты байланысы бар.  Яғни, кеңес қарастыратын мәселелерді біз тек қала деңгейінде ғана емес, республика деңгейінде де қозғай аамыз», - деп атап өтті «Атамекен» ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов.

Салалық кеңес жұмысының маңызды бағыттарының бірі - кәсіпкерлермен бірлескен жоба жүргізу болады. Оның ішінде стартаптарды дамыту үшін инкубаторлар, коворкингтер, акселераторлар ашу мүмкіндігі.  Тәжірибе және ресурстар алмасу бойынша кеңестер креативті ойларды күнделікті бизнеске сіңіруге мүмкіндік  береді.

«Мемлекет жанындағы құрылымдардың көбісіне қарағанда, бұл кеңес заңдылықтарды қалпына келтіруге билігі жүретініне, бұл салада кәсібін өрге домалатып отырғандарға нақты көмегін тигізетініне кәміл сенгіміз келеді. Адам мен компанияның адами және шығармашылық потенциалы нарық тарапында дұрыс бағаланып, капиталға айналғанын қалаймыз, әрине», - деп  «HUMAN CAPITAL PSRTNERS» ЖШС директоры Әлия Марова ой бөлісті.

Аталып шыққан құзырымен қатар, Кеңес қаржы іздестіруге, лицензиялар мен басқа да рұқсат қағаздарын алу процесіне араласып, оны жеделдетуге, қажетті жағдайларда ақпараттандыруға да үлесін қоспақ. Яғни, кәсіпкерлерге қажетті кезде және қажетті деңгейде қолғабыс болады деген сөз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер