«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 иелері белгілі болды

2024 жылғы 06 Мамыр
1924 просмотров

 ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 мектеп оқушылары және студенттік кәсіпкерлік, стартаптар мен инновациялардың жыл сайынғы аса ірі ұлттық кубогын ұйымдастырды.

 

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 - Қазақстандағы ENACTUS халықаралық бағдарламасының қатысушыларының жоба бойынша нәтижелерінің жыл сайынғы көрмесі. Жарысқа демеуші компаниялардың көрмесі, бос орындар жәрмеңкесі, іскерлік кездесулер, питчинг және қатысушыларға арналған арнайы байқаулар кіреді.

Дайындық кезеңінің онлайн-оқыту барысында және іс-шараның өзіне қатысқан жалпы адам саны 7000 құрады! Ұлттық кубоктың финалына 1500-ге жуық адам қатысуға шақырту алды, іріктеу қорытындысы бойынша 141 команда өз жобаларын қазылар алқасына ұсынды. 14 пен 38 жас аралығындағы ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 қатысушылары экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешудің инновациялық тәсілдерін ұсынды.

Жүгерінің жаңа сорты, медициналық жасанды интеллект, гербицидтерді нүктелік бүрку және сәйкестендіруге арналған автономды робот, сондай-ақ арамшөптерді жоюға арналған СО2 лазерлік роботы және басқа жобалар ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 жыл сайынғы ұлттық мектеп оқушылары және студенттік кәсіпкерлік кубогында ұсынылды.

Қазақстанның 20 өңірінен келген оқушылар мен студенттер өздерінің бизнес-жобаларын таныстырып, ең үздіктері жүлделі орындарға ие болды.

Бағдарламада:

  • World Cup League: ENACTUS Ұлттық кубогы, ENACTUS World Cup 2024 әлемдік кубогына жолдама үшін басты байқау алаңы;
  • Early Stage League: ерте кезеңдегі жобалар байқау алаңы;
  • ENACTUS #NextGenLeaders Мектеп кәсіпкерлігінің V Республикалық чемпионаты;
  • Колледж студенттері арасындағы ENACTUS Kazakhstan кубогы.

 

"Бұл барлығымыз тағатсыздана дайындалған ең көптен күткен оқиға. Жеке өзім үшін әр кубок - бұл талант пен шығармашылықтың жарқын фестивалі. Мен осы орасан зор оқиғаның ұйымдастырушысы болу құрметіне 17 жыл қатарынан ие болып отырмын. Біздің іс-шарамыздың ең маңызды тұлғалары - еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас, жігерлі қыздар мен жігіттер. ENACTUS NATIONAL EXPO сіздердің шабыттарыңыз, мотивацияларыңыз және болашақ ұмтылыстарыңыз үшін өткізіледі " - деп бөлісті ENACTUS Kazakhstan Президенті & CEO Альбина Ержанова.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Ұлттық чемпион атанып, 2 - 4 қазанда Астана қаласында өтетін ENACTUS WORLD CUP 2024 әлемдік кубогында Қазақстанның атынан өкілдік ету құқығына ие болды.

Екінші орынды Талдықорған қаласындағы Zhansugurov College командасының "Silk Route" жобасы иеленді.

Үшінші орынды Астана медицина университеті командасының "Well Nation" жобасы иеленді.

Төртінші орын Өскемен қаласының Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университетінің командасына берілді, олар екі кейстен тұратын жобаны ұсынды: EDFALL, EcoGreen.

 

"Дәл осы жеңіс үшін біздің команда көп жұмыс жасады. Біз өз жұмысымыздың ақталғанына шексіз қуаныштымыз. Барлық ENACTUS командаларына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз! Біз алдағы ENACTUS WORLD CUP әлемдік кубогында елімізге жеңіс алып келу үшін бар күшімізді саламыз!"- деп бөлісті команда капитаны Асқар Рахым.

 

Early Stage алаңының, дамудың ерте кезеңіндегі жобалар байқауының жеңімпазы, Алматы қаласының командасы "ASYL ZHER" жобасымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті атанды.

Екінші орынды "TrusTTravel" және "TestKenes" емтихандарына дайындық және туризм платформаларына бағытталған жобаларын ұсынған Алматы қаласының Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің командасы жеңіп алды.

Үшінші орынды Павлодар қаласы Margulan University командасының "The Blackson Investigation" және "Eco pack" жобалары иеленді.

Төртінші орынды Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті командасының "StudentUp" жобасы иеленді.

 

ENACTUS тарихында әлемдік кубоктар Лондон, Париж, Йоханнесбург, Пекин, Вашингтон сияқты қалаларда өтті, биыл Дүниежүзілік біріншілікті өткізу құқығын біздің еліміз жеңіп алды. Бірінші рет ТМД-да, атап айтқанда, Қазақстанның елордасы Астана қаласында үздік студенттік бизнес - жобалардың Әлемдік кубогы өтеді!

 

Соған орай, біз әлемдік кубоктың алғашқы демеушісі - ERG компаниясын қарсы алуға қуаныштымыз, онымен бірлесе отыра Экосистема стартап баттлы өтті. Осы байқаудың үздік бес жобасы ENACTUS әлемдік кубогында өтетін әлемдік жобалар көрмесіне қатысады.

 

Сондай-ақ, биылғы жылы ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 алаңында колледж студенттері арасында алғаш рет ENACTUS кәсіпкерлік кубогы өтті.

Бірінші орынды жоғары тиімді тыңайтқыштарды әзірлеуге бағытталған "Табиғи таза органикалық тыңайтқыш - Биогумус өндіру" жобасымен Алматы Мемлекеттік бизнес колледжінің командасы жеңіп алды.

Екінші орынды "Solar Boost" жобасымен Алматы автомеханикалық колледжінің командасы иеленді.

Үшінші орынды "GrowCrafts" жобасымен Астана қаласының Қазақстандық Халықаралық Лингвистикалық колледжінің командасы иеленді.

Төртінші орынды Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі командасының "Экипаж X" жобасы иеленді.

 

"ENACTUS - оқушылар мен студенттерді еркін кәсіпкерлікке еліктіру бойынша әлемдегі ең үздік бағдарламалардың бірі. Бұл бизнес пен саясаттағы болашақ көшбасшылар, сондықтан оларды бүгінгі күні барлық жағынан қолдау өте маңызды", - деп атап өтті Райымбек Баталов.

 

Оқушылар ауыл шаруашылығы, білім беру және экологияны шешуге бағытталған IT жобаларын таныстырды. Соның бірі - V Республикалық мектеп кәсіпкерлігі чемпионаты жеңімпазы Астана қаласының Білім Инновация Лицейі командасының жобасы "KazagroTech" - нүктелік сәйкестендіруге арналған автономды инновациялық роботтар және жасанды интеллект пен терең оқыту негізінде зиянкестерге қарсы гербицидтерді бүрку.

Екінші орынды "Sustainable Stitches" жобасын таныстырған Ақмола облысының IQanat High School of Burabay №6 командасы иеленді.

Үшінші орынды Астана халықаралық мектебі командасының "Undeme" және "AlcoBlock" әлеуметтік маңызды жобалары иеленді.

Төртінші орынды "Komek Eco System" жобасымен Тараз қаласының № 15 мектеп-гимназиясының командасы иеленді.

 

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 аясында Teachers Lab-пен бірлескен жасанды интеллект бойынша арнайы байқау ұйымдастырылды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар, сондай-ақ жобалармен одан әрі жұмыс істеу үшін техника ұтып алды.

 

Сонымен қатар, ENACTUS мектеп оқушылары және студенттік кәсіпкерліктің ұлттық кубогы аясында оқушылар мен студенттерге еліміздің үш жоғары оқу орнында: Алматы энергетика және байланыс университетінде, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде және Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында 4 жылдық оқуға гранттар бөлінді.

Семей қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің №2 командасы Алматы энергетика және байланыс университетінен 6 грант жеңіп алды. Қызылорда университетінің Қорқыт Ата оқу грантының иегері Қызылорда қаласының №210 мектеп командасының капитаны Абдуллаев Асылжан.

 

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 ұлттық кубогында ENACTUS KAZAKHSTAN Platinum Sponsor KMF&KMF-Демеумен бірге Астана медицина университеті командасының "Smile Race" қаржылық сауаттылығы бойынша турниры ұйымдастырылды.

 

“Smile Race” қаржылық сауаттылық ойынында қатысушылар жеке және отбасылық бюджетті жүргізу, уақытты басқару, инвестициялау және т. б. тақырыптар бойынша теория мен тәжірибе ала алады.

 

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 мектеп оқушылары және студенттік кәсіпкерлік, стартаптар мен инновациялар ұлттық кубогы ұйымдастырушылары ресми демеушілер мен серіктестерге алғыс білдіреді!

 

Ресми демеушілер:

Olzha Agro

KMF&KMF-Демеу

природная вода TURAN

Eurasian Resources Group

Raimbek Group

KT Cloud Lab

White&Case

Caravan Resources

Елдің ең үлкен моллдары Aport

Qaragandy Power Silicon

Kazakhstan Mining

TSSP

KazAgroFeed

ABS Строй

Leader Еngineering group

NES Kazakhstan

 

Ресми серіктестер:

"Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" АҚ

"Атамекен" ҰКП

Астана қаласының әкімдігі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Visit Astana

Астана даму орталығы

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер